2018 жылдың ең сәнді түсі анықталды

Сәрсенбі, 13 Желтоқсан 2017 11:57
2018 жылдың ең сәнді түсі анықталды

Түстерді зерттеумен айналысатын әлемге танымал Pantone зерттеу орталығы 2018 жылы сәнді болатын түсті атады. Сарапшылардың мәлімдеуінше, «ультра күлгін» келер жылдың басты реңкіне айналады.

Ультра күлгін – жайлы көк түс пен қарқынды қызыл түстің қосындысы. Ол қазіргі таңда әлемде болып жатқан оқиғаларды тұп-тура сипаттайды. Сондықтан зерттеу орталығының мамандары бұл түс 2018 жылы жақсы өзгерістердің символына айналады деп үміттенеді. Сарапшы мамандардың сөзінше, 18-3838 (ультрафиолет) реңкі бірегейлікті білдіреді әрі шығармашылық ізденістерге шабыттандыруға қабілетті.

Айта кеткен жөн, Pantone компаниясы 2000 жылдан бері әр жылдың өзекті түсін зерттеумен айналысып келеді. Олардың жыл сайынғы мәлімдемелеріне сән, косметология, полиграфия, дизайн, жарнама және кино мамандары жиі құлақ асып отырады. Аталмыш ұйым бүгінде түс туралы ақпарат беретін жетекші дереккөз ретінде мойындалған.

656 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
JoomShaper