Ыдыс жуу өміріңізді ұзартады

Дүйсенбі, 04 Желтоқсан 2017 16:21
Ыдыс жуу өміріңізді ұзартады

Ас үйде көп уақытын өткізетін қыз-келіншектер үшін жағымды жаңалық. Ғалымдар тұрмыстағы тірліктер адам өмірін ұзартатындығын дәлелдеді.

Американың белді университеттерінің және Фред Хатчисон атындағы қатерлі ісікті зерттеу орталығының мамандары әйелдердің өмір сүру ұзақтығын анықтауға бағытталған зерттеу жұмысын жүргізді. Олар үй жинау немесе ыдыс жуу секілді тұрмыс тірліктерін атқаруды қамтитын жеңіл физикалық жаттығулар, неғұрлым ұзақ өмір сүруге көмектесетіндігін анықтады.

Зерттеу жұмысына 65-тен 99 жасқа дейінгі 6 мың әйел қатысқан. Ғалымдар фитнес-трекерлер арқылы бір апта бойы олардың физикалық белсенділігін қадағалап отырған. Бұдан соң дәрігерлер келесі үш жыл бойы әйелдердің денсаулық жағдайларын бақылаған.

Алынған нәтижелерге сәйкес, физикалық белсенділікке күніне кем дегенде 30 минут уақытын бөлетіндердің өлім деңгейі, қозғалысы аз өмір салтын ұстанатындарға қарағанда 12%-ға төмен екендігі анықталды. Күнделікті жұмыс жүктемесін бір сағатқа дейін арттыру өлім деңгейін 39%-ға төмендеткен.

Осылайша, ғалымдар бүгінде ыдыс, еден және кір жуу секілді күнделікті үй жұмыстарын атқару және таза ауада серуендеу адам өмірін ұзартады деген пікірге тоқталған.

130 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper