WhatsApp кейбір смартфондарда жұмыс істемейтін болды

Жексенбі, 03 Желтоқсан 2017 11:17
WhatsApp кейбір смартфондарда жұмыс істемейтін болды

WhatsApp қосымшасы 2017 жылдың 31 желтоқсанынан Blackberry 10 смартфондарында, Windows Phone 8.0 жүйесінде, Nokia S40, 2.3.7 нұсқасы бар Android жүйесінде жұмыс істемейді, деп хабарлады мессенджердің баспасөз қызметі.

 

Месенджер өкілдерінің айтуынша, жоғарыда көрсетілген платформаларда WhatsApp функциясын жетілдіре алатын мүмкіндіктер жоқ. Сондай-ақ, олар бұл платформалардың жақын арада жаңартылмауына байланысты онда WhatsApp-тың кейбір функцияларының кез келген уақытта істемей қалуы мүмкін екенін айтады.

 

Сонымен қатар, компанияның баспасөз қызметіндегілер ендігіде WhatsApp мессенджері Windows Phone 7, iPhone 3GS/iOS 6 және Nokia Symbian S60 платформаларында мүлде жұмыс істемейтінін еске салды. Бұл телефондарда сіз жаңа аккаунт ашып немесе тіркелген аккаунтыңызды растай алмайсыз. 

Дереккөзі: alashainasy.kz

64 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper