Ford жүргізушілерді ұйықтатпайтын кепка ойлап тапты

Сейсенбі, 28 Қараша 2017 12:04
Ford жүргізушілерді ұйықтатпайтын кепка ойлап тапты

Автокөлік құрастыратын танымал Ford компаниясы көлік жүргізушілерін ұйықтатпайтын кепка жасап шығарды.

 

«Ақылды» бас киімге Safe Cap деген атау берілді. Ақылдылығы неде десеңіз, ол рөлде келе жатқан адамның абайсызда жолда ұйықтап кетпеуін ескертеді. Кепкада жүргізушінің шаршағандығын немесе ұйықтап бара жатқандығын растайтын қимылдарды анықтай алатын сенсорлар бар.

Рөлдегі адамның қалғып бара жатқандығын түсінген сәтте, кепка вибрация мен жарық дабылдары арқылы қауіп туралы ескертеді.

Бұл бас киім сегіз ай сынақтан өткен. Жаңа технологиямен жол қауіпсіздігі бойынша сарапшылар мен ұйқыны зерттейтін мамандар танысып шыққан. Олар бүгінде кепканың жол апаттарының алдын алуда көмектесетіндігін мойындап отыр.

Қазіргі таңда бұндай сынақтар әлі жалғасуда. Олар аяқталған соң, кепка патенттеледі әрі сертификатталады. Әзірге компания өкілдері аталмыш өнімді коммерциялық мақсатта қолдануды көздеп отырған жоқ. Бірақ бұндай инновациялық құрылғыны нарыққа шығару үшін технологияны серіктестермен және тұтынушылармен бөлісуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

108 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper