SIM-карта төлқұжатты алмастыра алады

Сәрсенбі, 15 Қараша 2017 19:02
SIM-карта төлқұжатты алмастыра алады

Көршілес Ресей елінде келесі жылдан бастап кәдімгі сим-карталар төлқұжатты алмастыруы мүмкін. Мемлекеттік Дума SIM-карталарды тұлғаның толыққанды идентификаторына айналдыруды ұсынып отыр.

Бұл ішін билік қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізуі тиіс. Сондай-ақ, мемлекет сим-карталардың арнайы реестрін құрып, алаяқтықтан құтылу үшін карталарды қатаң бақылауға алу керек.

Ұсынылған идея іске асқан жағдайда, қаржы нарығы бойынша Мемлекеттік Дума комитетінің төрағасы Анатолий Аксаковтың айтуынша, бір адамға сатылатын SIM-карталардың санына шектеу қойылмайды. Карталардың әрқайсысы толыққанды идентификатор бола алады. Бірақ оны сатып алған соң, басқа үшінші адамдарға беруге рұқсат етілмейді.

Мобильдік қызмет саласының мамандарының пікірінше, SIM-карта бойынша идентификация несиелерді, түрлі төлемдерді және кез-келген қызметтерді рәсімдеу үрдісін жеңілдете алады.

Дегенмен, бұл идея қоғам арасында әлі біраз талқыланады. Кем-кетік тұстары мен ұтымды жақтары анықталады. Себебі сарапшылардың пікірінше, алаяқтарға төлқұжатқа қарағанда, SIM-карталардың көшірмесін дайындау жеңіл болуы мүмкін.

154 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper