Дыбыссыз караокеге арналған жабдықтар сатылымға шықты

Сейсенбі, 07 Қараша 2017 15:44
Дыбыссыз караокеге арналған жабдықтар сатылымға шықты

Жапондық Prodtea Utaet компаниясы шусыз өлең айтуға арналған құрылғыларды ойлап тапты.

Негізі бұл жаңалық өлең айтуға дауыстары келмейтін адамдарды қуантып отыр. Өйткені, «дауысымның жоқтығынан қысылам» немесе «дауысыммен жан-жағымдағылардың мазасын алам» дегендердің ендігі қымсынбай ән шырқай берулеріне болады.

Жаңадан ойлап табылған бұл аппарат кәдімгі төңкерілген дауыс зорайтқыш құрал секілді. Оған пластикті құлаққабы бар түтікше жалғасқан. Ол дауыс қаттылығының үштен бір бөлігін сыртқа шығармай тұрады.

Өндірушінің айтуы бойынша, ән айту адамға артық салмақтан арылуға және денсаулықты бірқалыпты ұстауға септігін тигізеді. Тіпті компанияның атауындағы екінші «Utaet» деген сөз де жапон тілінен «ән диетасы» деп аударылады екен.

Құрылғы бүгінде Жапон елінде 7400 йен тұрады. Ал біздің төл теңгемізге шаққанда бағасы шамамен 21500 теңгені құрайды.

294 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper