Шәйді дұрыс ішіп жүрміз бе?

Жұма, 03 Қараша 2017 10:02
Шәйді дұрыс ішіп жүрміз бе?

Шәй көбіміздің күнделікті рационымызда кездесетін сусын. Оны ішпесек кәдімгідей басымыз ауырып қалады. Тіпті таңымызды да онсыз елестету қиын. Шәйді қантпен, сүтпен, балмен де ішеміз. Ал бұл әрекетіміздің денсаулығымызға зияндығы да бар екенін білесіз бе? Естімесеңіз, кеңесімізге құлақ түре отырыңыз.

Қант қосылған шәй

Ғалымдар қант қосылған шәй туралы екіұшты пікірде. Өйткені мынадай статистика бар: Шәйларына қант салуды құп көрмейтіндер, онкологиялық сырқаттарға сирек ұшырайды. Бірақ, кейбір мамандар бұл пікірді көбіне қара шәйға қатысты дейді. Олардың пікірінше, көк шәйдің жақсы қасиеттеріне қант әсер етпейді. Қайта қант сол сусынның құрамында бар катехиндерді жақсы сіңіруге көмектеседі екен. Ал катехин дегеніміз – жіңішке қан тамырларын нығайтатын, ағзадан холестеринді шығаратын табиғи антиоксидант. Ол тіпті диабеттің дамуын тежеп, қатерлі ісіктің туындауына жол бермейді-мыс. Дегенмен қантқа көп үйір болмаған абзал. Себебі, оның пайдасынан гөрі зияны көп. Сондай-ақ, біле білсеңіз біздің ағзамыз кәдімгі рафинадталған қантқа мүлде мұқтаж да емес.

Сүт қосылған шәй

Сүттің арқасында қара шәйдағы кофеин үлесі азаяды. Сүт шәймен бірге тез сіңіріліп, ас қорыту жүйесіне оң ықпал етеді. Бірақ жоғарыда аталған катехиндер қара шәйда аз мөлшерде болады. Сондықтан, сүтті шәйға қосқан уақытта, онсыз да аз катехиннің үлесі тіптен азайып қалады. Демек шәйіңізге сүт қоссаңыз, оның көптеген пайдалы қасиеттері бойға сіңбей қалады.

Бал қосылған шәй

Қантқа қарағанда балдың пайдасы әлбетте көп. Бірақ ыстық шәйға бал қосқанды жақсы көрсеңіз, денсаулығыңызды қауіпке ұшыратып жүрсіз. Өйткені, 40° С-тан жоғары температурада балдың диастаза атты құнды ферменті бұзылады, ал 60° С-тан жоғары температурада бал канцерогенге, яғни қатерлі ісіктердің пайда болуына әсер ететін затқа айналып кетеді. Сол себепті, ыстық шәйға бал қосуды доғарған жөн.

Лимон қосылған шәй

Бал секілді лимонды да ыстық шәйға қоспаған абзал. Жоғары температураның ықпалымен лимондағы С дәрумені және көптеген құнды компоненттер жойылады. Лимонның емдік қасиеттерін сақтау үшін оны сусыныңызға бірден салып жібермеу шарт. Шәйіңіз суығанша сәл күте тұрыңыз.

Байқағаныңыздай, тіпті пайдалы деп жүрген өнімнің өзі дұрыс тұтынбасаңыз, денсаулығыңызға кері әсерін тигізіп жіберуі ғажап емес. Сондықтан, «Бәрін өз мөлшерімен және жөнімен» деген қағиданы есте ұстап жүрсеңіз жеткілікті.

182 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper