Тері күтіміне қажетті 5 тағам

Сейсенбі, 31 Қазан 2017 14:05
Тері күтіміне қажетті 5 тағам

Күз-қыс айлары терімізге ерекше күтім жасауды талап ететін жыл мезгілдері. Өйткені, салқын жел мен температураның күрт өзгеруі жасушалардың жұмысын бұзады. Ал тері – сезім мүшесі. Ол ағзаның барлық мүшелерімен байланыс жасайды. Сондай-ақ, зат алмасуға қатысты түрлі қызметтер орындайды. Иммундық жүйенің жұмысына қатысады. Сондықтан оған тиісті қам жасау арқылы денсаулығыңызды ретке келтіре аласыз. Сұлулығыңыз да ішкі ағзаның жағдайына байланысты болатынын ұмытпаңыз. Ендеше назарларыңызға теріңізді әдемі әрі сау етуге септігін тигізетін 5 пайдалы азық-түлікті ұсынамыз.

Сұлы жармасы

Оның күніне 100 граммын тұтынып отырыңыз, сонда теріңізге қажетті заттардың тәуліктік нормасын аласыз. Сондай-ақ, оның қасиеттері терінің сыртқы қабығын жасартып тұра алады.

Моцарелла

Оның тәуліктік нормасы – 500 грамм. Бұл ірімшік түрі тері мен көзге пайдалы әрі жүйке жүйесінің денсаулығын нығайтатын В тобындағы дәрумендерге бай. Бұдан бөлек, ол ауыз қуысын және тістерді керемет тазартады.

Кофе

Күніне бір шыны-аяқ кофе сіздің теріңіздің саулығына жеткілікті. Оның құрамына кофеин ғана емес, алкалоидтер, минералдар, темір, магний және кальций кіреді. Кофе линол қышқылына бай. Ал ол терінің иілгіштігін арттырып, оның қартаюына қарсы тұрады.

Грейпфрут

Бұл жеміс ас қорыту, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартады. Бауырдың қызметін белсенді ете алған соң, денедегі майды да кетіре алады.

Грек жаңғағы

Тәулігіне 4-5 жаңғақ жесеңіз жеткілікті, себебі оның калориясы өте жоғары. Жаңғақ теріні құрғаудан сақтай алатын таптырмас жеміс.

Байқасаңыз, бұлар өте қолжетімді әрі дүкен сөрелерінен жиі табуға болатын азық-түліктер. Ендеше сізді суықтан, зиянды вирустар мен бактериялардан тынымсыз қорғап тұратын теріңізге неге лайықты көңіл бөлмеске?

164 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper