Менталды арифметика миға қаншалықты пайдалы?

Дүйсенбі, 23 Қазан 2017 11:44
Менталды арифметика миға қаншалықты пайдалы?

Елімізде небәрі бірнеше жылдың ішінде аса танымал болып үлгерген менталды арифметика бүгінде көп баланың ермегі. Бұл оқыту әдісі үлкен сандарды ойша жылдам есептеуге көмектеседі. Есепке жүйрік болуды жеңіл әрі қызықты тәсілмен үйреткен соң, ол ата-аналарға да, балаларға да ұнап үлгерді. Қоғамда кең тарағандығына қарағанда оның жақсы тұстары көп. Десе де, бұл есептеу тәсілі бала санасына келешекте қаншалықты қажет?

Алдымен, не себепті менталды математика қоғамға тез сіңіп кетті? Біріншіден, «математика – ғылымның биік шыңы» деген қағида әлеумет арасында бұрыннан бар. Ата-аналардың көбісі балаларының бұл салада жетістіктерге жетуін қалайды. Себебі ол, көпке көндіге бермейтін қиын пән. Ал менталды арифметика балаларға небәрі бірнеше ай ішінде есепке жүйрік болуға мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл бағдарлама Қытай, Жапония, Малайзия елдерінің білім мекемелеріндегі міндетті пән саналады. Сондай-ақ, ол АҚШ, Англия сынды дамыған 50-ден астам елде қарқынды жұмыс істейді. Яғни, халықаралық беделі – оның нәтижелілігі тұрғысында қоғамда жақсы көзқарас қалыптастырған. Үшіншіден, менталды арифметика - адам миының екі жартышарын да белсенді жұмыс істетуге негізделген. Өзіңіз білесіз, мидың сол жақ бөлігі сөйлеуге, талдау жасауға, ал оң жағы – арман-қиялға, шығармашылыққа жауап береді. Биік мақсаттарға жету үшін мидың екі жартышары да бір-бірімен үйлесімді дамуы қажет екендігі ғылыммен дәлелденген. Бірақ, адамдардың көбісінде мидың сол жақ бөлігі, оң жаққа қарағанда сәл белсенді. Ал менталды есептеу мидың екі жартышарына да бірдей жұмыс жасатады.

Алғашында балалар арифметика мектептерінде осыдан бірнеше мың жыл бұрын Қытай, Жапон елдерінде пайда болған «абакус, соробан» атты есептеу шоттарымен жаттығады. Оқушылар абакустың тастарымен ары-бері жылжыту арқылы есептеп үйренеді. Уақыт өте келе, белгілі бір әдістемені қолданып, әлгі абакустың сұлбасын біртіндеп жаттап алады. Кейіннен сол бейнені ойында ұстап тұрып, абакуссыз есептей бастайды. Оны көз алдына елестете отырып, сандармен амалдар орындайды да, небәрі бірнеше секундта шешімін айтады. Сабақ барысында баланың қолының ұсақ моторикасы дамиды. Яғни, абакуспен есептеу барысында екі қолын бірдей қолданады. Ал бұл - мидың сол жақ жартышарының жұмысы. Сондай-ақ, абакусты көз алдына елестетіп, ойша есептеуді үйренеді. Бұл тиісінше, екінші жартышардың қызметі. Демек, менталды арифметика баланың есте сақтау қабілетіне, зейінділігіне жақсы әсер етеді.

Менталды арифметикаға үйрететін арнайы мектептерде 4 жастан 16 жасқа дейінгі балалар оқиды. Ғалымдар осы жас аралығында баланың миы иілгіш келеді және жаңа машықтарды тез үйренеді дейді. Балаларды осы жасқа дейін ғана оқытқан да жөн шығар. Неге десеңіз, сарапшылардың пікірінше, алдағы уақытта көп таңбалы сандарды тез есептеу, балаға тәжірибелік тұрғыда аса қажет те емес. Мысалы, мектептің жоғары сыныптарындағы алгебра, геометрия пәндерінде көбінесе формулаға негізделген есептерді шығару қажет. Яғни, бұнда қосу, алу сынды амалдарды емес, терең логиканы қолдану шарт.

Сондықтан, менталды арифметиканың ғылым емес екендігін ескерер болсақ, оны тек баланың жадысын жаттықтыратын бағдарлама жүйесі деп қана қабылдаған жөн. Ал егер ойша есепке жетік болу және бос уақытты тиімді жұмсау жағын ойласаңыз, баланы менталды арифметикаға беруден ұтылмайсыз.

114 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper