Ғалымдар шемішкенің құпиясын ашты

Сәрсенбі, 11 Қазан 2017 13:38
Ғалымдар шемішкенің құпиясын ашты

Дәрігерлер атеросклероз, бауыр ауруына және өт шығару жолдары ауруларына шемішке пайдалы дейді. Америкалық ғалымдардың пікірінше, күнбағыс дәнегі қартаю процесін тежейді. Ол үшін шемішкені көп мөлшерде пайдаланбаса да болады. Басты талап - шемішке қуырылмаған және қабығынан тазартылмаған болу керек, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі segodnya.ua-ға сілтеме жасап.

 
Оның құрамында көп мөлшерде фосфолипидтер шоғырланған және майда еритін дәрумендер мен стиролдар бар. Бұлар адам өмірін ұзартып, денсаулығын нығайтып және адамның жастық қалпын сақтайды.

Сонымен қатар шемішкенің құрамында жүрек-қан тамырлары жүйесіне қажетті калий, магний бар. Дәрігерлер атеросклероз, бауыр ауруына және өт шығару жолдары ауруларына да шемішкенің пайдасы барын айтады. Сонымен қатар калий мен магний қан тамырларының жұмысын жақсартып қана қоймай, бет терісіне де оң әсер етеді екен.

Шемішкенің құрамында қартаю процесін тежейтін Е дәрумені бар. Ал мырыш шаштың өсуін жақсартады. Бірақ күнбағыс дәнегінде колория өте жоғары. 100 грамм дәнекте еттен 4 есе және наннан 3 есе көп колория бар екен.

194 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper