LG компаниясы масалар қорқатын телефон жасап шығарды

Сәрсенбі, 04 Қазан 2017 16:51
LG компаниясы масалар қорқатын телефон жасап шығарды

Танымал компания Үндістан нарығында масадан қорғайтын Mosquito Away технологиясы бар әлемдегі тұңғыш смартфондарды ұсынды. Бұл жаңалықтарына олар LG K7i деген атау берді. Өндірушілердің сөздеріне сенсек, телефон өз иесін мазаны алатын масалардан қорғауға қабілетті.

Дегенмен бұндай қасиетке ие құрылғы компания үшін тың өзгеріс емес. Олар бұған дейін 2014 жылы ауаны тазалап қана қоймай, айналадан қансорғыштарды қашыратын кондиционер де жасап шығарған болатын. Ал 2016 жылы аталмыш «антимаса» функциясы теледидарларға да орнатылды.

Бұл технологияның мәні арнайы динамиктің 30 кГц-тен жоғары жиілікте ультратдыбысты толқындарды түрлендіруінде. Құрылғының артқы панелінің төменгі бөлігінде үлкен динамик орналасқан. Одан инфекция таратушыларды қашыратын ультрадыбысты толқындар шығады. Адам бұл дыбыстарды естімейді, ал шыбындар болса оларды жақтыра қоймайды.

Фумигаторларға (ыстаушыларға) қарағанда LG K7i үркіткіші химиялық заттарды қолданбайды және иіс шығармайды. Сол себепті, телефон иелеріне картридждерді ауыстырудың немесе оларды сұйықтықпен толтырудың қажеті жоқ. Өндірушілер ультрадыбыстың адамға мүлде қауіпсіз екендігін айтады. Бұдан бөлек, динамик орналасқан артқы қақпақты қажет жағдайда қарапайым қақпаққа алмастыруға болады. Бұл жағдайда LG K7i смартфонының өзге телефондардан еш айырмашылығы болмайды.

Смартфонның сипаттамалары өте қарапайым. Аппарат HD рұқсаты бар (1280х720) 5 дюймдық In-Cell экранға, 1,4 ГГц тактілік жиілігі бар 4 ядролық процессорға, 2 ГБ жедел және 16 ГБ ішкі жадыға ие. Алдағы уақытта Үндістанда бұл телефон 7990 рупий көлемінде сатылмақшы (шамамен 41 мың

212 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper