Жаңа банк аталмыш елдің Солтүстік Рейн-Вестфалия атты жерінде орналасқан. Germania.one ақпараттық сайтының мәліметіне сүйенсек, бұнда шамамен 1,5 миллион мұсылман халқы тұрады.
Бұл банктің қызметін Bafin атты Германияның федералдық қаржылық бақылау басқармасынан бөлек, шариғат этикасы бойынша Кеңес те қатаң қадағалап отырады.
Шариғат ұстанымдарына сәйкес, бұнда тұтынушылар мен банк үшін де ешқандай пайыз жоқ. Сондай-ақ, бұл мекемеден жинақтау шотын ашуға және несие алуға болмайды. Себебі, бұл екі операция да салықтар мен пайыздарды алуды көздейді. Банк ақшаны құнды қағаздарға, акциялар мен қорларға емес, тауарларға инвестициялайды. Осы ерекшеліктері арқылы банктің бүгінде тұтынушылар саны күннен-күнге артуда.
Егер адамға үй немесе автокөлік алу үшін қаражат қажет болған жағдайда, банк оларды оған алып береді. Ал қарыз алушы кейіннен уақыт өте келе біртіндеп соның ақшасын банкке қайтарып береді.
Жалпы, шариғат жүйесіне негізделген банктер нақты бір бағдарламаларға инвестиция құйып, жобалық қаржыландыру ұстанымы бойынша жұмыс жасайды. Яғни, банкке үлестік қатысудан пайда түсіреді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл шариғатқа сүйенетін Германия еліндегі тұңғыш банк емес. Бұндай банктік жүйе аталмыш елдің Франкфурт қаласында да қызмет етеді.