Исламдағы тырнақ мәселесі

Сейсенбі, 24 Қазан 2017 12:43
Исламдағы тырнақ мәселесі

Тырнақты таза ұстау, оны мезгілімен алып отыру – Хақ дініміздегі сүннет амалдардың бірі. Яғни, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыз жасаған және жасауды насихат еткен іс-әрекет.

Тырнақ күтімі қарапайым іс көрінгенімен, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, тырнақтың астында бактериялар біршама тез көбейеді, ал олар ағзаға оп-оңай түсе алады. Исламда «Тазалық – иманның жартысы» делінеді. Демек, оны дұрыс күте алсақ, көптеген залалдардан құтыла аламыз. Қоғам арасында тырнақты дұрыс алу білу тұрғысында түрлі пікірлер көп. Мәселен, оны қай күндері алған жөн және қайда тастау керектігі туралы. Бүгін соларды нақты анықтап көрелік.

«Түнде тырнақ алуға болмайды!». Бұл ескертуді көбісінің құлағы шалған болар. Әйтсе де, бұның шариғат бойынша еш қисыны жоқ. Бұндай тыйым кешқұрым тырнақ алу барысында қол саусақтарын жарақаттап алу қаупінен туындаған болса керек. Түнде тырнақ алуға рұқсат етілетіндігі жайында діни мысалдар да бар. Бірде араб халифы Харун ар-Рашид деген кісі мұсылмандық құқықтың білгірі Әбу Юсуфтан тырнақты түнде алуға бола ма деп сұрайды. Әбу Юсуф сонда:

– Болады, – деп жауап береді. Харун ар-Рашид:

– Бұны немен растайсың?, – дегенде ол:

– Пайғамбарымыз бізге: «Жақсы істерді кешіктірмеңдер деп өсиет етті», – деп жауап беріпті.

Демек, жақсы істің ерте-кеші жоқ. Ал оны қай күндері алған жөн дегенге келер болсақ, бұнда да ерік өзіңізде. Бірақ жұма күні тырнақ алу – Аллаһ Тағалаға ұнамды амалдардың бірі. Сүннетте тырнағыңызды жұма күні таңертең алу қажет делінеді. Ғалымдардың сөзінше, бұл уақытта тырнақ алған адам ауруынан жазылады екен. Тағы бір маңызды мәселе, тырнақ алу әдебі. Сүннет бойынша алдымен оң қолдың сұқ саусағының, одан соң ортаңғы, аты жоқ және шынашақ саусақтың, соңында бас бармақтың тырнағы алынады. Ал сол қолды шынашақтан бастап аласыз да, бас бармақпен аяқтайсыз. Аяқтың тырнақтарын алу оң аяқтың кіші башпайынан басталып, сол аяқтың шынашақтарынан аяқталады.

Тағы бір мұстахап, яғни, көркем амалдардың бірі – алынған тырнағыңызды жерге көму. Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыз кесілген шаш пен тырнақты көмуге кеңес берген. Ғалымдардың пікірінше, алынған тырнақты жерге көміп тастаған дұрыс. Себебі, ол адам денесінің бір бөлігі. Ғылыми деректерде оны кез-келген ыңғайлы жерге көмуге болады делінеді. Дініміз адамның әрбір дене мүшесіне құрметпен қарау керектігін жеткізгенін ескерсек, бұл моральдық тұрғыда да жөн нәрсе. Ал шаш пен тырнақты ваннаға немесе тағы да басқа жерлерге тастай салу - тыйым салынған әрекеттер қатарынан. Сондықтан, тырнақ күтіміне жауапкершілікпен қарау – жанымызды да айналамызды да таза ұстауға үйрететін игі әдет.

218 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper