K2_ITEMS_FILTERED_BY_DATE Жұма, 02 Ақпан 2018

Қырғызстанның премьер-министрі мемлекеттік сатып алулар барысында криптовалюталарды пайдалану сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуі мүмкін екендігін жеткізді.

Бұл туралы Сапар Исаков мырза «Жаһандану дәуіріндегі сандық күн тәртібі» атты форумда мәлімдеді.

Үкімет басшысының сөзінше, Қырғызстан криптовалютаны мемлекеттік сатып алулар жүйесінде қолданғысы келеді.

«Криптовалюталар бойынша біз Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымындағы әріптестерімізбен жұмыс жасаймыз. Оларды мемлекеттік сатып алулар жүйесінде қолдануға болатындығына сенімдімін. Бұдан бөлек, біздің «Таза коом» атты жобамыз мемлекеттік шығындарды оңтайландыруға және бюджеттің кіріс бөлігін арттыруға мүмкіндік береді. Келесі жылы біз сандық үкімет болғымыз келеді», - деді Үкімет басшысы.

 

 

Бөлім:  Қоғам

Түркияның Стамбул қаласының халқы 15 миллион 29 мың 231-ге жетті.

Бөлім:  Қоғам

Финдық HMD Global компаниясы батырмалы Nokia 3310 телефонының жаңа нұсқасын жасап шығарды.

Телефонның 2017 жылдағы үлгісіне қарағанда, бүгінгісінің корпусы біршама үлкен. Жаңартылған құрылғы 4G VoLTE желілерінде жұмыс жасай алады және Wi-Fi сигналдарын қабылдайды әрі тарата алады.

Телефон 2,4 дюймдік дисплеймен және 2 мегапиксельді камерамен жабдықталған. Сонымен қатар, оның microSD жады картасына және microSIM-ге арналған жалғағыштары бар.

Жаңа нокианы бастапқы кезеңде тек Қытайдан ғана сатып алу мүмкін болады.

Естеріңізге сала кетейік Nokia 3310 телефоны 2000 жылдардың соңында сатылымға шықты. Сол уақыттан бері, бұл гаджеттің 126 миллионнан астамы сатылып үлгерді.

Бөлім:  Шартарап

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында алдағы қысқы спорттық ойындарға қатысатын спортшылар мен өзге де делегация мүшелері тұратын Олимпиадалық ауылдың ашылу салтанаты өтті.

Бұл ауыл екі кластерге бөлінген. Біріншісі тауда орналасқан. Бұнда 3500 адам келіп қоныстанады. Олардың арасында тау шаңғышылары, биатлоншылар, бобслейшілер, шанамен жарысушылар, сноубордшылар және т.б. бар.

Ал екінші кластер 2700 адамды қабылдайтын болады. Ол жағалауда орналасқан және хоккейшілерге, конькишілерге, мәнерлеп сырғанаушыларға, керлингшілерге және шорт-трекшілерге арналған.

Естеріңізге сала кетейік, Пхенчхандағы қысқы Олимпиадалық ойындар ақпанның 9-нан 25-і аралығында өтеді.

Бөлім:  Жаңалықтар

Көршілес Ресей елі алдағы уақытта мақта өндірісін қолға алады.

2018 жылы елдің Астрахань және Волгоград облыстарының 1000 гектар жеріне мақта отырғызылатын болады.

Бұдан бөлек, мемлекет жоспары бойынша Ставрополь, Калмыкия және Қырым өңірлеріне де мақта егу көзделуде. Аталмыш елдің ауыл шаруашылығы министрлігінің материалдарында мақта егуге арналған аумақтың көлемі шамамен 221,54 мың гектарды құрауы ықтимал делінген.

Ресми деректерге сүйенсек, отандық мақтаға деген сұраныс Орталық Азия елдерінің ауыл шаруашылығы саясатымен байланысты. Мәселен, Ресей мақтаны әсіресе Өзбекстан елінен жиі сатып алады. Ал ол елде бүгінде қайта өңдеуші комбинаттарда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан екі ел арасындағы сауда үрдісінің қарқыны біраз бәсеңдеуі мүмкін.

Ал ресейлік кәсіпорындар жылына 70 000 тоннаға жуық мақта талшығын қажет етеді.

Бөлім:  Қоғам

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Ақпан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        
JoomShaper