Біріккен ұлттар ұйымының мәліметінше, жыл сайын 48,1 млн. тонна гаджет істен шығады. Оның тек 6,5 миллион тоннасы ғана утилизацияланады екен. Осыған сәйкес, Жапонияның ұлттық олимпиадалық комитеті 2017 жылдың ақпан айында ескі электрондық гаджеттерді жинау туралы бастама көтерген болатын. Бұндағы мақсат – олимпиада ойындарының медальдарына қажетті металл жинау.
Ұйымдастыру комитеті осылайша жалпы 8 тоннаға жуық металл жинауды көздеп отыр. Оның ішінде 40 кг. - алтын, 4 тонна 920 кг. - күміс және 2 тонна 944 кг. – қола болмақ.
Негізі Халықаралық олимпиада комитетінің ережелерінде медальға қажетті металлды қалай алу керектігі туралы айтылмайды. Сондықтан, тиісті 5000 жүлдені жапондықтар қайта өңдеуге тапсырылған ескі техникадан дайындайтын болып шешіп отыр.