K2_ITEMS_FILTERED_BY_DATE Сейсенбі, 12 Желтоқсан 2017

10 желтоқсан күні Норвегия астанасы Осло қаласында «Бейбітшілікке қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша Нобель сыйлығы табысталды.

Бөлім:  Жаңалықтар

Тынық мұхитындағы Таити аралының жанында суда жүзіп жүретін қала салу жоспарлануда.

Француз Полинезиясы үкіметі Калифорниядағы Систейдинг институтымен келісімшартқа отырды. Оған сәйкес қала құрылысы алдағы екі жыл ішінде басталмақ.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сейсенбі, 12 Желтоқсан 2017 10:56

Kaspersky АҚШ-тағы бөлімшесін жабатын болды

Антивирустық бағдарламалар жасайтын Касперский Лабораториясы АҚШ астанасы Вашингтондағы бөлімшесінің жұмысын тоқтатқалы отыр. Бұған дейін Kaspersky Government Security Solutions бөлімшесі Американың мемлекеттік органдарына бағдарламалар сатумен айналысып келген болатын.

Бөлім:  Қаржы

«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алғысы келгендерге үкімет келер жылы 555 стипендия тағайындамақ.

Бөлім:  Қоғам

Қазақ халқының «Асық ату» ұлттық ойыны ЮНЕСКО ұйымының материалдық емес мұралар тізіміне кірді. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында өткен ЮНЕСКО-ның үкіметаралық 12-ші сессиясында белгілі болды.

Аталмыш ұйымның ресми парақшасында «Асық – Қазақстандағы балалық шақтың ұлттық символы» деп жазылған. Асық ойыны физикалық машықтардың дамуына әрі өскелең ұрпақтың арасындағы түрлі ұлттардың мәдениетін жақындастыруға септігін тигізеді. Сол себепті, сарапшылар бұл тұрғыда баланың ұлттық қарым-қатынастарды дамытуға қосар үлесіне зор мән берген. Халықаралық реестрге ұлттық мұрамыздың енуі, оны әлемдік деңгейде қорғауға әрі дәріптеуге көмектеседі.

Бір айта кетерлігі, көршілес қырғыз елі де осындай қуанышты хабар алып отыр. Бұл елден ЮНЕСКО тізіміне қазақтың «Көкпарына» ұқсас «Кок-бору» аталатын ойыны кірді.

Естеріңізге сала кетейік, мәдени мұра тізіміне осы уақытқа дейін елімізден қазақ күресі мен айтыс өнері енген болатын. Ал келешекте Қазақстан аталмыш тізімге қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі әдет-ғұрыптарын және Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркия елдерімен бірлесе отырып, «Қорқыт Ата мұрасын» енгізу туралы сұраным жіберуді жоспарлап отыр.

Бөлім:  Жаңалықтар

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper