K2_ITEMS_FILTERED_BY_DATE Сәрсенбі, 15 Қараша 2017

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша кезекте тұрғандарға Ақтөбе қаласынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 мың жер телімін беру жоспарда бар. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов мәлімдеді.

- Бүгінде кезек бойынша Бауырластар-3, Думан, Жаңақоныс-2 тұрғын алаптарынан 5 273 жер телімі бөлінді. Жер телімдерін бөлу жұмысы жыл соңына дейін жүргізілмек. 2018, 2019, 2020 жылдары жеке тұрғын үй құрылысы үшін 28 мың жер телімін бөлу жоспарланып отыр,-деп жеткізді қала басшысы.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін анықталған тұрғын үй алаптарын инженерлік инфрақұрылым нысандарымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Он айдың қорытындысы бойынша су-газ-электрмен жабдықтау және кәріз желілерінің 16 нысаны пайдалануға берілді, төрт ағын стансасының құрылысын аяқтау жоспарланған.

Бөлім:  Қоғам

Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында қала әкімі Ілияс Испанов мәлімдеді.

Бөлім:  Қоғам

«Қолдау-Қазақстан» көпсалалы коммерциялық емес холдингі (КСКЕХ), Германияның табиғат пен биалуантүрлілікті қорғау кеңесі (NABU) және «Экомұражай» қоғамдық бірлестігі киіктің үстірт популяциясын сақтау және өңірдің тұрақты дамуы үшін отарлы мал шаруашылығын дамыту бастамасын жүзеге асыруға кірісуде. Жоба Байғанин және Шалқар аудандарында ауыл қауымын тарта отыра жүзеге асырылмақ. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында жоба сарапшылары хабарлады.

Бөлім:  Қоғам

Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына Еуропадағы іріктеу кезеңі аяқталып, жолдама алған барлық құрамалар белгілі болды. Кәрі құрлықтан соңғы жолдаманы Дания құрамасы жеңіп алды.

 

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 15 Қараша 2017 19:02

SIM-карта төлқұжатты алмастыра алады

Көршілес Ресей елінде келесі жылдан бастап кәдімгі сим-карталар төлқұжатты алмастыруы мүмкін. Мемлекеттік Дума SIM-карталарды тұлғаның толыққанды идентификаторына айналдыруды ұсынып отыр.

Бөлім:  Керек кеңес

Халқымыз сүйіп ішетін қымыздың пайдалы қасиетіне өзге елдердің азаматтары да сүйсінеді. Оны бүгінде бірнеше мемлекет халықтары ішіп үлгірді. Ұлттық сусынымыз бүгінде өзінің емдік қасиеттері арқылы ұлттарды жақындастырып отыр деуге болады. Мәселен, оның Германия елінде де өндірілетінін естіген боларсыз. Ендігі Украинада қымыз өндіретін зауыт іске қосылып отыр.

Бөлім:  Қоғам
Сәрсенбі, 15 Қараша 2017 18:56

Барби қуыршағына хиджаб кигізілді

Әйгілі Барби қуыршақтарын жасап шығаратын Mattel компаниясы әлем назарына хиджаб киген алғашқы ойыншықты ұсынды. Бұл қуыршақ америкалық семсерші қыз Ибтихадж Мухаммадты бейнелейді.

Бөлім:  Қоғам

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper