Әлемдегі ең үздік бренд

Дүйсенбі, 01 Қаңтар 2018 15:34
Әлемдегі ең үздік бренд

Brand Finance компаниясы 2017 жылдағы әлемнің ең ықпалды брендін атады.

Қалай ойлайсыз дүниежүзіндегі ең атақты бренд қандай? Таң қалуыңыз мүмкін, бірақ бұл балаларға арналған ойыншықтар жасайтын Lego компаниясы.

Ол танымалдылығы жағынан тіпті әйгілі Google, Nike, Ferrari сынды компанияларды артта қалдырған. Brand Finance бұндай рейтингті құрастыру барысында брендттердің халық алдындағы беделін және ықпалдылығын бағалаған.

Бір айта кетерлігі, бұл рейтингке қарап Lego компаниясының 2004 жылы банкротқа жақын болғандығына қазір тіпті сену де қиын. Қатты қаржылық шығынға ұшырағаннан кейін, жұмыс жасау бағыттарына толықтай өзгеріс енгізген соң жағдайлары біраз оңалды. Мәселен, 2016 жылы аталмыш компания 5,9 млрд. доллар көлемінде табыс тауып, рекордтық көрсеткішке ие болған. Сол жылы олар 75 млн. конструктор сатып үлгерген.

Lego-ның өкілдерінің айтуы бойынша, қызметтерінің табысты болуының құпиясы, ойыншық жасарда балалардың ғана емес, ата-аналардың да мүддесін есепке алуында. Сол себепті де, бүгінде Lego құрастырғыш ойыншықтарына балалардың ғана емес, ересектердің де қызығушылығы жоғары.

628 рет оқылды

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
JoomShaper