Данэлия Төлешова қазылар алқасын тағы да таң қалдырды

Бейсенбі, 07 Желтоқсан 2017 10:39
Данэлия Төлешова қазылар алқасын тағы да таң қалдырды

Қаршадай қазақ қызының әнді қалай керемет құбылтып айтатынын әлеуметтік желіден көрген боларсыз. Ән салуда кәсіби мамандардан кем түспейтін Данэлияның жасы небәрі 10-да. Осы уақытқа дейін талай музыкалық жарыстардан көш бастап жүрген ол жуырда Украина еліне аттанған болатын. Данэлия бұнда әлем жұрты сүйсініп тамашалайтын ән байқауына қатысу үшін барды. Сайыстың бірінші турында-ақ, қазылар алқасын бірден баурап алған ол осыған дейін екінші кезеңге жолдама алған болатын. Ал жақында өткен келесі кезең, отандасымызға жеңіске жетуге тағы бір мүмкіндік берді.

Жоғарыда аталған сайыстың бірінші кезеңінде Данэлияға барлық қазылар алқасы бұрылған болатын. Яғни олар біздің отандасымызды қолдап, өнерін жоғары бағалаған еді. Бұдан бері бір ай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде дарынды қыз ән салуға тыңғылықты дайындалып алды.

Украиналық «Голос. Дiти» сайысында Данэлия сол елдің танымал әншісі Монатиктің тобында өнер көрсетеді. Жуырда өткен байқауда біздің қыз екі қарсыласымен бірігіп өлең айтты. Нәтижесінде Монатик 3-ші турдың жолдамасын Данэлияға берді. Екінші кезеңде қазақстандық көрермендерде қорқыныштың болғаны жасырын емес. Себебі Данэлияның екі қарсыласы да Украина елінен еді. Десе де бұл жолы сәттілік Данэлияға серік болып, отандастарымыз тағы бір қуанып алды. Монатик те бір сұхбатында қазақ қызын байқау жеңісіне басты үміткер деп атады. Сондықтан Данэлияның жанкүйерлері оны әлі талай жеңісті күндер күтеді деп үміттенеді.

Ата-анасының айтуы бойынша, қыздарының есімі «Дән елі» деген сөздердің қосындысынан туындаған. Ат қоярда ата-анасы қыздарының қазақтың құнарлы дәніндей берекелі болуын мақсат тұтса керек. Себебі расымен де ол бүгін атына заты сай келіп, елінің атын жемісті еңбегі арқылы асқақтатып жүр.

139 рет оқылды

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper