Қытай 2018 жылы «ғарыштық автобусты» іске қосады

Сейсенбі, 07 Қараша 2017 10:40
Қытай 2018 жылы «ғарыштық автобусты» іске қосады

2018 жылы Қытай елі күн-синхронды орбитаға «Чанчжэн-2» ракетасымен бірлесе отырып, жоғары сатылы «Юаньчжэн-1» ракетасын ұшырмақ.

Жоғары сатылы ракета «перрондық автобусқа» ұқсайды. Себебі ол түрлі спутниктерді әр түрлі орбиталарға жеткізуге қабілетті.

Осы уақытқа дейін ақпарат құралдарында Қытайдың жеткізуші-ракетаның көмегімен екі жерсерігін орбитаға шығарғандығы жайлы хабарланған болатын. Сондай-ақ, үшінші буындағы «Бэйдоу-3-тің» екі жерсерігі «Чанчжэн-3Б» атты жеткізуші-ракетаның көмегімен орбитаға жеткізілгендігі айтылды.

Осылайша, ҚХР жаһандық навигациялық жүйені ресми түрде өрістетуді бастады. 2018 жылдың соңына қарай Қытай «Бэйдоу-3-тің» 18 жерсерігін іске қосуды және «Бір белдік – бір жол» бойындағы елдерді жүйенің қызметтерімен қамтуды жоспарлап отыр. Қытай оны 2020 жылға қарай аяқтауды көздеуде.

Бұл жасалып жатқан істер, негізі аталмыш мемлекетті жаһандық навигациялық жүйеге ие АҚШ пен Ресейден кейінгі үшінші ел атандырады. Себебі, қазіргі таңда навигацияның жаһандық жүйесі тек Америка (GPS) мен Ресей (ГЛОНАСС) елінде ғана бар.

167 рет оқылды

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper