Теміртау қаласындағы ЖЭО-2 жөндеу жұмыстары 14-ші қарашада аяқталуы тиіс

Дүйсенбі, 06 Қараша 2017 21:12
Теміртау қаласындағы ЖЭО-2 жөндеу жұмыстары 14-ші қарашада аяқталуы тиіс

Қарағандыда жылыту маусымы штаттық ереже бойынша жүріп жатыр. Облысымыздың барлық ЖЭО-да төмендетілмейтін отын қоры сақталып отыр. Ол жайлы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыс барысында аймақ басшысының орынбасары Анатолий Шкарупа мәлімдеді.

Оның айтуынша барлық жылу электр станцияларында 37 қазандықтар және 30 турбиналар жұмыс істейді. Резервте 12 қазандық пен 1 турбина тұр. 
- Облысымыздың барлық жергілікті жылу көздері, дәлірек айтар болсақ, 67 қазандық және 735 АЖЖ штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қажетті көмір қоры бар. Станциялардағы жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр, белгіленген мерзімнен кешігу жоқ, - деп мәлімдеді Анатолий Шкарупа.
Облыс әкімі Ерлан Қошановты Теміртау қаласындағы ЖЭО-2-дегі 6-шы қазандық қашан іске қосылатыны қызықтырды. Аймақ басшысына барлық жұмыстар кесте бойынша жүріп жатқаны айтылды.
- «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның ЖЭО-2 штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жөндеу жұмыстары кестеге сай өткізілуде. 14-ші қарашада алтыншы қазандықтағы барлық жөндеу жұмыстары аяқталады. Іске қосу 5-ші желтоқсанда болуы тиіс еді. Бірақ сіздің тапсырмаңыз бойынша ол мерзімді 15-ші қарашаға ауыстырдық. 
- Алайда 14-ші қарашада тек жөндеу жұмыстары аяқталады емес пе? - деп сұрады Ерлан Қошанов. - Ал қазандық нақты қашан іске қосылады? 15-ші қарашада деп уәде берген секілді едіңіздер ғой? Оған не кедергі болып тұр? Неліктен олай?
Теміртау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Владислав Цайдың айтуынша 15-ші қарашада алтыншы қазандық жоспарлағандай іске қосылуы тиіс. Бірақ ол толыққанды жұмыс істеу үшін тағы кем дегенде 3-4 күн қажет. 
- Жуырда аязды күндер басталады, ал сіздерде резерв жоқ! Анатолий Валерьевич, бұл мәселе сіздің жіті қадағалауыңызда болады, - деп атап өтті облыс әкімі орынбасарына. - 17-ші қарашада ЖЭО-2-де «АрселорМиттал Теміртау» АҚ барлық бірінші басшыларының қатысуымен жиналыс өтеді. Сол кезде жоспарланған жұмысты сіздер қаншалықты орындағандырыңызды көреміз.

 

Дереккөзі: karaganda-region.gov.kz

 

88 рет оқылды

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper