Әлемді өзгерткен 3 бала

Жұма, 03 Қараша 2017 10:09
Әлемді өзгерткен 3 бала

Ересектерге қарағанда балалардың шығармашылық қабілеттері жоғары екендігі құпия емес.

Балалар мына әлемге сәби көзбен, кіршіксіз махаббатпен қарайды. Олардың уланбаған саналары өмірді жақсы жағына қарай өзгертуге құмар келеді. Балалардың таза ниеттен туған игі мақсаттары бізді, яғни ересектерді ештеңеден үміт үзбеуге, өмірді жақсартуға тырысуға үйретеді. Бүгін біз сіздерге қоғамның күнделікті өмірге деген көзқарасын өзгерткен жігерлі 3 баланың есімдерін назарларыңызға ұсынамыз.

Малала Юсуфзай

 

Малала - Нобель сыйлығының ең жас иегері. Ол Пәкістанда дүниеге келген. Аты әлемге танылмас бұрын, ол қыз балаларға білім алуға тыйым салған талибтер тұратын кішкентай қалада өмір сүрді. Талибтердің қысымына шыдамаған кішкентай Малала 11 жасында жергілікті BBC станциясына білім алуды жалғастырғысы келетіндігі жайлы блог жаза бастайды. Қайсар қыз өз жазбасында елдегі әйелдердің күрделі жағдайы мен талибтердің кесірінен қыздарға арналған мектептердің жабылып жатқандығы туралы тәптіштеп баяндайды. Бұл блогтың танымал болғаны сонша, БҰҰ террористік ұйым деп тапқан талибан мүшелері қызды өлтіреміз деп қорқытады. Олар 2012 жылдың 9 қазанында Малала мінген автобусты тоқтатып, оған оқ жаудырады. Атылған оқ қыздың басына тиеді. Малала ауыр халге түсіп, комада жатады. Оның тіпті тірі қалуы да екіталай еді. Бүгінде оның бас сүйегіне титан пластина салынған және құлағы нашар естиді. Бірақ соған қарамастан, батыл қыз зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудан еш айныған емес. Осы уақыт ішінде жас құқық қорғаушы қыз, өзінің ауыр тағдырын суреттеген «Мен – Малаламын» атты кітабын жазып, БҰҰ-ның елшісі атанып үлгерді. Тағдырына мойымаған Малала әлі күнге дейін қыз-келіншектердің білім алу құқығы үшін күресіп келеді.

 

Джек Андрака

Джек 14 жаста болғанда оның отбасының жақын досы онкологиялық сырқаттан көз жұмады. Бұл оқиғаға қатты күйзелген оқушы бала, асқазан асты обырын бастапқы сатыда тез анықтайтын құрылғы ойлап табамын деп алдына мақсат қояды. Осы тақырыпта бірнеше зерттеулерді оқып шығады. Жүздеген ғалымдардан сараптама жүргізетін лаборатория ұсынуды сұрап, өтініш білдіреді. Талай жерге барып табанын тоздырады. Көбісі Джекке жас болған соң, күмәнмен қарап тілегін орындамайды. Бірақ бір күні әйгілі Джон Хопкинс университетінің профессоры жас баланың бойындағы ұмтылысты сезініп, оған тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Джек өзінің өнертабысына 7 ай уақытын жұмсайды. Нәтижесінде оның ойлап тапқан инновациялық тестері асқазан асты обырын 168 есе жылдам анықтауға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, оның бағасы осыған ұқсас құрылғылардан $26 000 долларға арзанға түсті. Кейіннен оның тестері арқылы дәрігерлер бастапқы кезеңдегі өкпе обырын да анықтай бастады. Бүгінде 2012 жылдан бері Джектің құрылғысы мыңдаған адам өмірін сақтап қалды.

 

Энн Макосински

191 рет оқылды

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper