Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

Дүйсенбі, 05 Наурыз 2018 12:29
Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 

5-6 наурызда Атырау, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша күндізгі ауа температурасының 0+7 C-қа қысқа мерзімді жоғарылауы, жауын-шашынның (қар, жаңбыр), кей жерлерде қатты түсуіне байланысты жазық аудандарда қардың еріп, еріген қар ағыны пайда болуы мүмкін.

6-7 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз 6 наурызда кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз 6 наурызда, 7 наурызда тәулік бойы кей жерлерде 30 м/с. Ауа температурасы күндіз 6 наурызда 0+5 градус жылынады.

5-ші наурызда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с жетеді.

5-7 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары бойынша жауын-жашын мол түседі. Осыған байланысты, мұздық құбылыстардың әлсіреуі, жазықтық жерлерде еріген ағынның және таулы өзендерде су молаюы мүмкін.

 

Дереккөзі: Baq.kz 

 

 

1873 рет оқылды

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper