Франция президенті ертегіде ойнайды

Жұма, 23 Ақпан 2018 11:02
Франция президенті ертегіде ойнайды

Франция басшысы Эммануэль Макрон орыс композиторы Сергей Прокофьевтің «Петя және қасқыр» ертегісінде рөл сомдап шығады.

Ресми деректерге сүйенсек, бұл ертегі музыкалық жанрда болмақ. Ол алдағы бейсенбіде, яғни 1-ші наурыз күні Елисей сарайының залдарының бірінде қойылады. Бұл қойылым аталмыш сарайда өткізілетін «Елисей бейсенбілері» атты әртістік кештердің аясында ұйымдастырылмақ. Музыкалық спектальді республикалық гвардия оркестрі сүйемелдеп тұрады деп күтілуде. Әзірге президенттің спектакльде қандай рөлді сомдап шығатыны белгісіз.

С. Прокофьевтің «Петя және қасқыр» симфониялық ертегісі 1936 жылы жазылған. Қасқыр мен пионер бала Петядан бөлек, ертегіде ата, кішкентай құс, мысық, үйрек және аңшы сынды кейіпкерлер де бар. Бір айта кетерлігі, бұнда әр кейіпкердің сахнада өнер көрсетуі белгілі бір музыкалық аспаппен және жеке сарынмен ұсынылады.

898 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper