K2_ITEMS_FILTERED_BY_DATE Сейсенбі, 17 Қазан 2017

Оңтүстік Қазақстан облысында батыр аналар қатары 2382 адамға толықты. Осы жылдың сегіз айында өңірдегі 504 ана «Алтын алқа» тақса, 1878 әйел азаматы «Күміс алқа» иегері атанды.

Бөлім:  Қоғам
Сейсенбі, 17 Қазан 2017 14:15

Бензин қымбаттауын қашан қояды?

Өкінішке орай, бензин бағасының шарықтауы жыл сайын орын алатын жайсыздық. Ел билігі бензинге қатысты мемлекеттік реттеуді алып тастаған соң, оның нарықтағы тұрақсыздығы дәстүрге айналды. Осы жылдың ішінде бұл мұнай өнімінің құны үш мәрте жоғарылаған.

 

Бөлім:  Бизнес

Беделді QS халықаралық агенттігі «Дамушы Еуропа және Орталық Азия» (QS Emerging Europe and Central Asia) QS рейтингін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 

Бөлім:  Қоғам

Қазақстанда көп сұранысқа ие болатын АИ-92 бензиніне қатысты жағдай осы аптада тұрақталады, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС даму жөніндегі басқарушы директоры Бақытжан Тасанбаев.

Бөлім:  Қоғам

ҚХДР ядролық қаруды толықтай жою идеясын қолдады, алайда, мұндай қару АҚШ-та бар кезде Солтүстік Корея арсеналын сақтап қала бермек. Бұл туралы Солтүстік Кореяның БҰҰ-дағы ұдайы өкілінің орынбасары Ким Ин Рен мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

 

Бөлім:  Қоғам
Сейсенбі, 17 Қазан 2017 12:56

GOOGLE басшылығы болашақты болжады

Жер ғаламшары келешекте бір ғана алып компьютерге айналады. Роботтар адам емдейді. Автокөліктер жүргізушісіз-ақ жүре беретін болады.Адамдар барлық сырқаттарды жеңеді. Ағзаңыздың ішкі органдары электрондық құрылғылармен алмастырылады.Сенесіз бе? Бұндай ғажайып болжамдарды американдық ғалым Рэй Курцвейл айтады.

Оның сөздеріне сенуге болатын негіздер көп. Рэймонд Курцвейл болашақты жұлдыздарға қарап болжайтын адам емес. Ол осы заманның ең танымал өнертапқыштарының бірі және бүгінде Google корпорациясының техникалық директоры. Технологиялық прогресс пен ғылымның мүмкіндіктеріне сүйенгендіктен, оның болжамдарына сенбеу қиын. Курцвейлдің осы уақытқа дейінгі келтірген тұспалдарының 86% шындыққа жанасқан. Мәселен, ол Кеңес Одағының құлдырайтынын, келешекте компьютердің адамды шахматтан жеңетінін, құжаттардың электрондық нұсқаға көшетінін, адамдардың компьютерге дыбыс арқылы тапсырма беретіндігін XX ғасырда-ақ айтып кетті. Жаңа дәуір келмей тұрып, ол 3D көзілдірік, Bluetooth, медицинадағы нанороботтар, жаппай компьютерлендіру сынды жаңалықтардың болатындығын жорамалдады. Ақиқатқа айналған болжамдары бұнымен бітпейді. Сондықтан, өнертапқыштың жылдар өте өзекті бола бастайтын ғылыми ойларына әлем бей-жай қарамайды. Қоғамға тың идеялар тастап, ертеңгі күнің туралы ойландырып қоятын ғалым, ғаламның 2099 жылға дейін қалай дамитынын да тәптіштеп жазған. Алда бізді қандай жаңалықтар күтіп тұрғанын және келешектен не күтуге болатынын білгіңіз келсе, оның болжамдарына зер салыңыз. Олардың бірнешеуін инфографика түрінде назарларыңызға ұсынамыз.

 

 

 

Рэй Курцвейл футуролог ретінде жасанды интеллекттің маңызы тұрғысында көп ізденеді. Ол үнемі сингулярлықтың, яғни компьютердің жұмыс жасау күші адам миының мүмкіндіктерінен асып түсетін кездің алыс еместігін меңзеп жүреді. Футурологтың пікірінше, уақыт өте келе біз сана-сезімімізді интернет «бұлттарға» көшіріп, миымыздағы қажетсіз ақпаратты сонда тастай аламыз. Яғни, ми кәдімгі қатқыл диск іспетті болады, одан бір мәліметті өшіріп алсақ, қайтадан орнына келтіруге мүмкіндік болады. Ғалым 2029 жылға қарай адамның санасы мен жасанды интеллект бірігеді, ал 2045 жылы сингулярлық орын алады дейді. Айтуынша, бұдан соң адамзат баласы біржақты ойлауын қойып, зор прогресске бет алмақ. Ауру-сырқаттармен күресу де біраз жеңілдейді. Бұған ағзаның қантамырлары арқылы денсаулық жағдайын бақылап отыратын және зиянды факторлармен күресетін нанороботтар көмектеседі. Жұлынына зақым тигендер қайтадан жүре бастайды. Бұл үшін оларға интерфейс арқылы адам миымен басқарылатын экзоқаңқа жәрдемдеседі.

Қарап отырсаңыз, бұның барлығы қиялдан туындаған ойлар секілді. Рэй Курцвейл бала күнінен ғылыми фантастиканы сүйген. Оған деген қызығушылығының арқасында әр жылдары түрлі тың идеяларды жүзеге асырған. Расында, қоғамдағы барлық дүние де адам қиялының жемісі емес пе?! Демек, оның бұл айтқан болжамдары ғылымның дамуына сәйкес күтілетін жағдай ғана емес, инженерлерге, түрлі сала мамандары мен қарапайым адамдарға тасталған идея. Ал бұл ойлар көпшілікке жеткен соң, жаңа жобалардың немесе бастамалардың пайда болуына себепші болары хақ.

Бөлім:  Жаңалықтар

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
JoomShaper