Apple iPhone X-тың шығарылымын тоқтатуы мүмкін

Бейсенбі, 25 Қаңтар 2018 14:27
Apple iPhone X-тың шығарылымын тоқтатуы мүмкін

Apple компаниясы жуырда сатылымға шыққан iPhone Х моделінің шығарылымын тоқтатуды жоспарлап отыр.

Сарапшылар жаңа смартфонның сатылымы компанияның артқан үміттерін ақтамады деп отыр. Себебі, бұл телефонға Қытай нарығындағы сұраныс деңгейі аз болып тұр.

Қытайлық қолданушыларға iPhone X-тың шағын экраны мен оның үстіңгі жағындағы қара сызықтар ұнамаған. Түрлі деректерге сүйенсек, бұлардың кесірінен телефондағы қосымшалар оларды іске қосу барысында көзге ұнамсыз көрінеді.

Бірқатар себептерге байланысты жаңа смартфонның өндіріс тарихы қысқа болайын деп тұр. Компания өкілдері әуелде 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 80 млн. iPhone X сатуды жоспарлаған. Бірақ, оған деген сұраныстың аздығынан аталмыш фирма телефонның тек 62 млн. нұсқасын сатып үлгеруі мүмкін.

Десе де, Apple-дың өкілдері бұндай жағдайды болдыртпас үшін шаралар қолдануды бастап та кетті. Олар биылғы жылы әлем назарына үш смартфондарын ұсынады деп күтілуде.

962 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper