2020 жылы шетелдік инвесторларға мемлекеттік қызметтерді тек ағылшын тілінде ұсынамыз – Сағынтаев

Сейсенбі, 05 Желтоқсан 2017 18:21
2020 жылы шетелдік инвесторларға мемлекеттік қызметтерді тек ағылшын тілінде ұсынамыз – Сағынтаев

Астанада өтіп жатқан «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2020 жылдан бастап шетелдік инвесторларға мемлекеттік қызметтер тек ағылшын тілінде ұсынылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 

«Қазақстан Үкіметі инвесторлармен жұмыстың халықаралық ұстанымдары мен стандарттарын әр уақытта да ұстанып келді және ұстана береді. Біздің жұмысымыздың басты бағдары – заңның тұрақтылығы мен үстемдігін қамтамасыз ету. Қазақстан ашық мемлекет және солай қала береді. Біз ЭЫДҰ-ның Инвестициялар жөніндегі комитетіне кірдік. Осыған байланысты мен Үкіметтің бизнес үшін барынша үздік жағдай жасауға бел байлағандығын атап өткім келеді», - деді Үкімет басшысы.

Осы орайда Бақытжан Сағынтаев 2020 жылы шетелдік инвесторларға мемлекеттік қызметтер тек ағылшын тілінде көрсетіле бастайтынын жеткізді.

«Сіздердің мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға жіберген әрбір сауалға 10 жұмыс күннің ішінде ағылшын тілінде жауап берілетін болады. Егер сіз сұрақты қазақ немесе орыс тілінде жіберетін болсаңыз онда біз сол тілдерде де жауап береміз. Алайда, біз ағылшын тілінде 10 күннің ішінде жауап беруге ниеттіміз. Екіншіден, біз кезең-кезеңімен 2020 жылдан бастап шетелдік инвесторларға мемлекеттік қызметтерді тек қана ағылшын тіліне ұсынуға көшеміз. ХҚКО-ларда, мемлекеттік емханаларда, мектептерде, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, көші-қон, салық қызметтерінде ағылшын тілін білетін арнайы мамандар іріктеп алынады», - деді ол.

Сонымен қатар премьер-министр шетелдік инвесторлар үшін тиісті заңдар қабылданғанын атап өтті.

«Үшіншіден, инвесторлар үшін барлық негізгі нормативтік-құқықтық актілер СІМ, ИДМ және «Kazakh Invest» ұлттық агенттігінің сайтында ағылшын тілінде жарияланатын болады. Төртіншіден, біз, электрон виза, шекарадан өту, көші-қон есебіне алу және қауіпсіздік мәселелерінде шетелдік инвесторлардың елге келу шарттарын одан әрі жақсартамыз. Барлық осы төрт бағыт бойынша әрбір өкілетті орган қажетті жұмыстарды түзеді», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сөз соңында ол «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы шетелдік инвесторлар мен Қазақстан мемлекеті арасында тығыз байланыс орнатуға жол ашатынын тілге тиек етті.

«Бүгінгі шара іскер топтармен тығыз байланыс орнатып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деген үміттемін. Біз инвесторлармен проблемалық сұрақтарды шешу үшін шұғыл диалог орнатуға дайынбыз. Стратегиялық сұрақтарды шешу мақсатында жоғары деңгейде Шетелдік инвесторлар кеңесі жұмыс істейді. Үкімет деңгейінде инвест климатты жақсарту үшін аталған кеңеспен әрі Қазақстанның еуропалық бизнес қоғамдастығымен үнемі диалог жүргізіледі. Сонымен қатар сіздер үшін яғни шетелдік инвесторлардың құқығын қорғау мақсатында инвестиция омбудсмені жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы инвесторлар арасында өз беделін қорғап, сенімді серіктес екенін дәлелдей білді», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Үкімет басшысының айтуынша, соңғы 10 жылда еліміздің түрлі саласына 250 млрд АҚШ долларынан астам қаржы көлемінде шетелдік инвестиция тартылған екен.

 

Дереккөзі: Baq.kz

108 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper