Қостанайда индустриалдық аймақ ашылды

Сейсенбі, 05 Желтоқсан 2017 18:12
Қостанайда индустриалдық аймақ ашылды

Бүгін Қостанай қаласының іргесінде орналасқан индустриалды аймақта әкімшілік кешені пайдалануға берілді. Оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов және Қостанай өңіріне қомақты қаражат құйып отырған инвесторлар қатысты, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

 

Индустриалды аймақтағы әкімшілік ғимаратының ашылу салтанатына келген өңір басшысы бұл аумақтың еліміз бен облыс үшін өте маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Сондай-ақ ол осы аумақта салынып жатқан лифт зауытының құрылысымен де танысты. Қостанайда бой көтеретін аталмыш зауыт іске қосылғанда еліміздің ішкі нарығымен қатар көршілес жатқан Ресей, Еуропа, Азия мемлекеттеріне де экспорттау жоспарда бар. Зауыт келесі жылдың мамыр айында іске қосылады.

 

«Бұл өздеріңіз көріп тұрғандай Қостанайда салынып жатқан лифт зауыты Қазақстанмен Ресейдің бірлескен кәсіпорны негізінде құрылмақ. Жобаның жалпы құны 900 млн теңге. Аталмыш зауыт іске қосылғанда елу адамды тұрақты жұмыспен қамти аламыз. Аталмыш зауыттың құрылыс жұмыстарында ешқандай қиындықтар жоқ. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы арқылы қаржыландырып жатыр. Зауытқа қажетті инженерлік инфрақұрылымдар тартылған дейді», - «ВЕК» ЖШС бас директоры Михаил Молочников.

Одан кейін облыс әкімі Қостанай қаласында ашылған индустриалды аймақтың әкімшілік ғимаратында инвесторлардың басын қосып ауқымды жиын өткізді. Қостанай өңіріне өз қаражатын құйғысы келетін жаңа инвесторлармен танысты.

«Бұл индустриалды аймақта алдағы бес жылда ірі кәсіпорындар бой көтеріп, облыстың экономикасына сүбелі үлестерін қосады. Бүгінгі ашылып отырған бұл әкімшілік ғимараты инвесторлар үшін ең қажетті нысынға айналмақ, өйткені бұл жерде оларға қажетті мекемелердің өкілдері отырып бір терезе қағидасында жұмыс істемек. Бұл өз кезегінде қағаз бастылықты жойып шаруаларын шешіп алуға таптырмас мүмкіндік береді», - дейді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.

102 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper