Қостанай облысында тағы бір құс фабрикасы салынады

Бейсенбі, 30 Қараша 2017 11:04
Қостанай облысында тағы бір құс фабрикасы салынады

Қостанай облысының Арқалық қаласында алдағы уақытта екі инвестициялық жобаны іске асырмақшы. Олардың бірі ет өңдейтін кешеннің, екіншісі бройлерлік құс фабрикасының құрылысы.

Бұл екі жобаның жалпы құны 2 млрд. теңгені құрайтын болады. Нәтижесінде 150 жұмыс орны құрылмақшы.

Арқалық қаласының әкімі Амантай Балғариннің айтуы бойынша, алғашқы кезеңде құс өсіретін 12-ге жуық орын салынады. Онда 30 мың құсты асырауға болады. Бүгінде қалада жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы бар. Ал жаңа зауыт құс етін өндірмекші. Өнім өңірдің оңтүстік аудандарында тұратын 70-80 мыңға жуық адамның сұранысын қанағаттандыратын болады.

Құс өсіретін жаңа екі орынның құрылысы жуық арада басталмақшы.

162 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper