УАЗ келер жылы елімізде автокөлік құрастырады

Сейсенбі, 28 Қараша 2017 11:16
УАЗ келер жылы елімізде автокөлік құрастырады

Ресейдің автокөлік шығаратын ірі «УАЗ» компаниясы келер жылдан бастап елімізде автокөлік құрастырмақшы.

Қазақстан нарығы үшін аталмыш зауыт «Хантер», «Патриот» және классикалық үлгідегі «УАЗ» автокөліктерін жасайды. Бұл көліктерді құрастыру алаңдары Өскемендегі «Азия-Авто» және Көкшетаудағы «Семаз» зауыттарында орналаспақ.

«УАЗ» үшін Қазақстан қазіргі таңда аса ірі экспорт нарығы саналады. Зауыттың экспорт бойынша директоры Андрей Дорофеевтің сөзінше, елімізге жыл сайын 5 мыңға дейін жол талғамайтын көлік жеткізіліп тұрған. Компания өкілдері жергілікті деңгейде көлік құрастырудың Қазақстан ұсынып отырған жаңа мүмкіндіктері, 2018 жылы 2,5 мың көлік пен оның жиынтықтарын сатуға мүмкіндік беруі мүмкін дейді.

Қазақстан жерінде ресейлік өнімдер алдағы жылдың екінші тоқсанынан бастап құрастырылмақ. Бүгінде бұл компания өз өнімдерін Мексика еліне де экспорттауды жоспарлап отыр.

188 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper