Алматы мен Астанада жыл соңында баспана бағасы өзгере ме?

Сәрсенбі, 22 Қараша 2017 14:28
Алматы мен Астанада жыл соңында баспана бағасы өзгере ме?

Биылғы жылы еліміздің қаржы саласы бәрімізді біраз әуреге салды. Доллар бағамы өсіп, теңге құлдырады. Тиісінше, нарықтағы жылжымайтын мүлік бағасы да тұрақсызданды. Халық та жағдайдың тұрақталуын күтіп, тұрғын үй сатып алуға асықпады. Дегенмен, қазіргі таңда теңге мен доллардың бағасы бірқалыпты болғанымен, пәтерлердің бағасы көпшілік үшін әлі де қолжетімсіз.

Тұрғын үйдің құны әдетте экономика жақсарғанда және банктің несие беру жүйесі қарыштағанда өседі. Бұл пікірмен келіспеуге де болады. Әйткенмен, бұл жаһандық құбылыс. Пәтердің бағасы – экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіш саналады. Қаладағы тұрғын үйдің құнына қарап, елді мекеннің әлеуметтік жағдайын бағамдауыңызға болады.

Жалпы бізде ең қымбат пәтерлер қай қалаларда сатылады? Әлбетте, ірі мегаполистер саналатын Астана мен Алматы қалаларында. Өзіңіз білесіз, бұл екі шаһарда тұрғындар көп қоныстанған әрі еңбек етуге, жақсы өмір сүруге қажетті барлық жағдайлар жасалған. Сол себепті, жайлы тұрмыс үшін сұралатын құнның да жоғары болуы заңдылық. Бірақ, қарапайым жұмысшы халық қашан да жақсы жаңалықтан үміт үзбейді. Олар баспана бағасының қолжетімді болуын күтеді.

Негізі сарапшылар жыл ортасында жасаған болжамдарында EXPO көрмесінен кейін елордадағы үйлерге деген сұраныс артады, себебі нарық жаңа тұрғын үйлермен толығады деген болатын. Бірақ, ЭКСПО қалашығындағы жаңа баспаналар әзірге қолданысқа берілген жоқ. Бұл шаруа келер жылдың еншісіне қалдырылып отыр. Сондықтан, бас қаладағы үйлердің құнын қарапайым халықтың қалтасы әзірге көтеріп тұрған жоқ.

Басты екі қаладағы баспана бағалары жыл басынан бері қалай өзгерді? 2016 жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда, осы жылдың 1-ші тоқсанында Алматыдағы баспаналар құны 17%-ға төмендеген. Мамыр айында бір шаршы метрдің бағасы орта есеппен шамамен 339 000 теңгені құраған. Ал Астана нарығындағы баға бес ай ішінде 3,5%-ға дейін төмендеп, шаршы метрі 321 000 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға аз көрсеткіш. Жалпы бір жыл ішінде еліміздегі баспаналар бағасы өткен жылмен салыстырғанда 10-15 пайызға арзандаған. Жылдың екінші және үшінші тоқсандарындағы бағалардың деңгейімен салыстырар болсақ, олар 2,6%-ға төмендеген. Астанада пәтердің бір шаршы метрі үшінші тоқсанның соңында 318 000 - 321 000 теңге көлемінде саудаға қойылған болатын.

Ал бүгінгі күні елордадағы пәтерлердің бір шаршы метрі шамамен - 344 000 теңге тұрады. Оңтүстік астанадағы пәтердің бір шаршы метрі - 351 000 теңге шамасында. Айта кеткен жөн, бұлар екінші дәрежелі тұрғын үйлердің бағалары емес. Байқап отырғаныңыздай, бұрынғысынша бағаны нарық реттеп отыр.

Сарапшы мамандар да алдағы бір ай ішінде бұл жағдай аса өзгере қоймайды дейді. Себебі, қоғамда оған арқау болатын негіздер байқалмайды.

278 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper