Түркия өз отандық көліктерін жасап шығарады

Жексенбі, 05 Қараша 2017 18:45
Түркия өз отандық көліктерін жасап шығарады

Түрік мемлекеті алдағы 4-5 жылда өз отандық көліктерін нарыққа шығармақшы. Ел президенті Реджеп Тайып Эрдоған алғашқы отандық көлік жасап шығару бойынша жұмыстардың басталғандығын хабарлады.

Бұл жобаны елдегі ірі саналатын Anadolu, BMC компаниялары мен Kıraça, Zorlu, Turkcell холдингтері бірлесе отырып іске асырмақшы.

Негізі отандық автокөліктерді құрастыру жобасы Түркияның 2023 жылға дейінгі даму мақсаттары бағдарламасында ерекше орын алады. Сондықтан автокөліктің прототипі қоғамға 2019 жылдың соңына қарай ұсынылады деп жоспарланып отыр. Ал 2021 жылы көліктердің сериялық өндірісі басталмақ.

Түркия басшысы бүгінде өз елінің осы уақытқа дейін жинаған технологиялық тәжірибесі мен білімі машина жасауға әбден жеткілікті екендігіне нық сенімді. Келешекте түрік елі автомобиль жасаушылардың әлемдік нарығында лайықты орын алады деп күтілуде.

426 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper