Бензин қымбаттауын қашан қояды?

Сейсенбі, 17 Қазан 2017 14:15
Бензин қымбаттауын қашан қояды?

Өкінішке орай, бензин бағасының шарықтауы жыл сайын орын алатын жайсыздық. Ел билігі бензинге қатысты мемлекеттік реттеуді алып тастаған соң, оның нарықтағы тұрақсыздығы дәстүрге айналды. Осы жылдың ішінде бұл мұнай өнімінің құны үш мәрте жоғарылаған.

 

Біріншіден, бағаның өсуі көбінесе жанар-жағармай материалдарына деген сұраныс артатын көктемгі егіс науқаны мен күзгі егін жинау мезгілімен тұспа-тұс келеді. Бұл өз кезегінде бағаның артуына жағдай жасайды. Екіншіден, Үкімет басындағылар бұндай проблеманың орын алуы мұнай өңдейтін үш негізгі зауытымыздың жөндеу жұмыстарымен байланысты дейді. Яғни, басты себептердің бірі - қазақстандық жанармайдың дефицит болуы. Оны ішкі нарыққа 20 шағын және үш ірі мұнай өңдеу зауыттары жеткізеді. Үлкен үштікке кіретіндері – Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларында орналасқан. Бұлар күрделі жөндеуді талап еткендіктен, қызметтерін әзірге бастамай тұр. Нәтижесінде отандық мұнай өнімдерінің саны шектеулі болғандықтан, импорт үлесі де шілде-тамыз айларындағы 15%-дан қыркүйекте 30%-ға дейін екі есе артқан. Жиі қолданыста жүретін АИ-92 бензинінің 1 литрінің бағасы да бүгінде 157 теңгеге дейін жетіп тұр.

Десе де, 2015 жылы аяқталуға тиіс кәсіпорынды модернизациялау жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда. Министрліктегілердің сөзіне сүйенсек, Павлодардағы зауыт осы айдың 26 күні іске қосылмақ. Қазан айының соңына дейін ол 65 мың тонна мұнай өңдеп, тәулігіне АИ-92 маркалы бензиннің 2,5 тоннасын тиеуді жоспарлап отыр. Сондықтан орын алған жағдай қараша-желтоқсан айларында толықтай тұрақталады деп күтілуде.

606 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper