Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру жарнасы белгіленді

Сәрсенбі, 11 Қазан 2017 13:41
Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру жарнасы белгіленді

Үлестік нарықтың қатысушылары үшін кепілдік жарна мөлшерлемесі жоба құнынан 2 пайыз деңгейінде белгіленді. Бұл туралы «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ басқармасының төрағасы Дәурен Оңаев хабарлады.

 

Оның айтуынша, құрылыс жүргізушіге кепілдік жарнасын есептеу әдісіне сай кем дегенде 100 ұпайдан алпысын жинауы қажет. Осылайша үлестік құрылыс бойынша нормативтік-құқықтық базаны өзгерту арқылы қор кепілдігін алатын нысандардың саны ұлғая түспек.

 

Айта кетейік, жыл басынан бері 40-қа жуық құрылыс компаниясы 50-ден астам тұрғын үй жобасын ұсынған. Бірақ олардың басым бөлігі кепілдік жарна мөлшерлемесінің жоғары болуына байланысты қажетті құжаттарды жинай алмаған. Ал жыл соңына дейін 10-ға жуық нысан қор кепілдігін алады деп жоспарланып отыр.

 

Дәурен Оңаев, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ басқармасының төрағасы:

 

– Жыл ішінде кепілдік беру қоры 2 қаладағы салынып жатқан үйлер бойынша кепілдік берді. Бұл – Астана қаласындағы «Миллениум парк» тұрғын үй кешенінің 1 секциясы және Алматы қаласындағы «Легенда» тұрғын үй кешенінің 1-кезеңі. Осылайша қор кепілдігі осы тұрғын үйлерден үлес сатып алуға ниет білдірген азаматтарға қандай жағдай болмаса да, пәтерлерінің кілтін алуды қамтамасыз етеді.

 

Дәурен Оңаевтың айтуынша, жоба құнының кепілдік жарна мөлшерлемесін есептеу кезінде бітпеген құрылыстың құны шегеріліп, салынып жатқан нысандар бойынша кепілдік жарнасының шығыны азаяды. Егер бұрын қосалқы мердігерлік жұмыс тәжірибесі жалпы тәжірибеге енгізілмеген болса, бұдан былай соңғыларының жұмысы назарға алынатын болады.

Дереккөзі: alashainasy.kz

304 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper