APPLE немесеGOOGLE қайсысының асығы алшысынан түседі?

Жұма, 06 Қазан 2017 13:52
APPLE немесеGOOGLE қайсысының асығы алшысынан түседі?

Google жақында ресми түрде ел назарына өздерінің жаңа Pixel 2 және Pixel 2 XL смартфондарын ұсынды. Бұған қоса Pixelbook атауымен аса қуатты ноутбук жасап шығарды.

 

Google-дың биылғы тың жаңалықтары оның танымал Apple корпорациясымен ашық бәсекеге түскендігін айғақтайды. Оған себептер де жоқ емес. Өйткені өзіңіз білетін Apple компаниясы әлемге айфонымен және Macbook ноутбуктарымен белгілі. Бұл өнімдер сапа жағынан ешқандай фирмаға дес бермей келеді. Ал Google-дың бүгінгі ұсынып отырған технологиялары, аналитиктердің пікірінше Apple-ды нарықта басып озуға қауқарлы.

Pixel 2 және Pixel 2 XL телефондары былтырғы жылы шыққан Nexus смартфондары желісінің жалғасы саналады. Екеуі де Qualcomm Snapdragon 835 процессоры негізінде жұмыс істейді әрі саусақ іздері датчигімен жабдықталған және 4 Гб-тық жедел жадыға ие. Pixel 2 мен Pixel 2 XL құрылғыларының негізгі жадыларының көлемі 64 және 128 гигабайтты құрайды. Телефондар құрылымы жағынан бір-біріне ұқсас, айырмашылығы тек көлемдерінде.

Смартфонға камера объективіне шынайы уақытта немесе бұрын түсірілген фотосуреттерде түскен нысандарды анықтауға қабілетті Google Lens қосымшасы орнатылған. Ол арқылы сіз суретке түсірген объектіңіз жайлы мағлұмат ала аласыз. Мысалы, сіз бір дүкенді суретке түсірдіңіз делік, ал Google Lens сол дүкен туралы деректерді, оның қай жерде орналасқандығын назарыңызға ұсына алады. Pixel 2 телефонының 1080×1920 пиксельді бес дюймдік дисплейі бар, ал Pixel 2 XL 1440×2560 пиксельді рұқсаты бар алты дюймдік дисплеймен жабдықталған. Смартфондардың негізгі камерасы 12 мегапиксель, ал фронтальдысы 8 МП. Сапасы жағынан олар камераларды тестілейтін DxOMark рейтингінде iPhone 8 Plus-ті басып озып, 98 ұпайды иеленді.

iPhone-ның соңғы нұсқаларындағыдай, бұл смартфондардың да құлаққапқа арналған 3,5 миллиметрлік жалғағышы жоқ және шаң мен ылғалдан қорғалған. Музыка тыңдау үшін Pixel иегерлері USB Type-C интерфейсі бар құлаққаптарды немесе Pixel Buds атты фирмалық сымсыз модельдерді қолдана алады.

Екі аппарат та жаңа OC Android 8.0 Oreo операциялық жүйесінде қызмет жасайды және олардың батареялары тез қуат алады. Сіз небәрі 15 минутта батареяңызды 7 сағатқа толтыра аласыз. Pixel-дың басты кемшілігі онда су тиіп кетуден сақтайтын қорғаныштың жоқтығында. 64 немесе 128 гигабайттық Pixel 2-нің нарықтағы бағасы 649-749$, ал Pixel 2 XL-дің құны 849-949 доллар көлемінде болмақ. Бір айта кетерлігі, Pixel 2 саудаға 17 қазаннан бастап түспекші, ал Pixel 2 XL қараша айында нарыққа шықпақ. Google-дың жаңа флагмандарын таяуда Канада, АҚШ, Германия, Үндістан, Австралия және Ұлыбритания елдерінде сатып алуға болады.

Ал аталмыш компанияның тағы бір өнімі Pixelbook ноутбугына келер болсақ, оның бір ерекшелігі арнайы ілмегі оны планшет ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Тағы бір өзгешелігі, дыбыстық Google Assistant қызметінің күштілігінде. Яғни енді бағдарламалармен сөйлесуге де болады. Google бұл жолы көпшілікті жаңа өнімдерінің жұмыс жасау қуатын арттырумен қуантты. Құрылғының автономдық жұмысының уақыты

10 сағатқа дейін барады. Ноутбук Intel Core i5, яғни соңғы шыққан i7 процессорымен жабдықталған. Жедел жады 16 Гб болса, SSD көлемі 512 гигабайтқа дейін жетеді. Pixelbook құны 999 доллардан 1649 долларға дейін барады, ал оның стилусын 99 долларға сатып алуға болады. Бұл лэптоптың сатылымы АҚШ-та, Канада және Ұлыбритания

288 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper