Терминалдан түсетін табыс көлемі артуда

Жұма, 06 Қазан 2017 10:03
Терминалдан түсетін табыс көлемі артуда

Күнделікті өмірде қарапайым сатып алушыға пластик картамен есептесу біршама қолайлы жағдайлар туғызады. Егер ірі көлемде сауда жасағыңыз келсе айналаңыздан банкомат іздеудің немесе өзіңізбен бірге үлкен сомада ақша ұстап жүрудің қажеті жоқ. Бар болғаны барар жеріңізде POS – терминалдардың болуы абзал.

 

Жасыратыны жоқ, олар пайда болғалы бері біраз іс жеңілдеді. Сатушының да ұтар тұсы көп. Біріншіден, олар инкассалауда ақша үнемдейді. Екіншіден, карточкамен төлем жасағанды жөн көретін тұтынушылардың саны есебінен, түсетін ақшаның әлеуеті артады. Мәселен, елімізде қолма-қол ақшасыз төлем жасау көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 1,4 трлн. теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 74,0%-ға көп (589,2 млрд.). Транзакциялар саны 74,8%-ға (48,6 млн.), 113,6 миллионға дейін ұлғайып отыр. Осы POS-терминалдар арқылы төлем жасаудың 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы салыстырмалы салмағы 54,3%-ды және транзакция сандары есебінен 55,5%-ды көрсеткен. Бұдан бөлек, аталмыш терминалдар арқылы төлем төлеу көлемі бір жыл ішінде 49,5%-ға (249,0 млрд.), яғни 752,1 млрд. теңгеге дейін артқан. Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларындағы транзакциялар саны 63,0 млн. теңгені құрады. Ал бұл дегеніміз былтырғы жылға қарағанда 74,2%-ға көп (26,8 млн.).

Елімізде бүгінгі таңда шамамен 120 мың POS-терминал бар. Олардың 110,7 мыңы, яғни 91,8% сауда кәсіпорындарында. Бұндай орындардағы терминалдар саны бір жыл ішінде 20,8%-ға көбейген. Ал сауда кәсіпорындарының үлесі еліміз бойынша 72,9 мыңды құрайды.

Ірі сауда желілері электрондық құрылғы арқылы есептесуді енгізудің қажеттігін бұрыннан сезінген. Сондықтан да өз мекемелерінде бүгінде терминалдарды жаппай орнатуда. Ал шағын дүкендер бұндай әрекетке баруда әлде де батылдық танытпай отыр. Банкирлердің есебі бойынша, бұқара халық көп жиналатын орындарда POS-терминалдар орнату кіріс көлемін жылына 20%-ға дейін арттыруға көмектеседі.

226 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper