ҚР Үкіметі биыл бизнесті қолдау шараларын едәуір кеңейтті

Сейсенбі, 08 Тамыз 2017 06:17
ҚР Үкіметі биыл бизнесті қолдау шараларын едәуір кеңейтті

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру барысы туралы айтты.

Тимур Сүлейменов 2017 жылы «БЖК 2020» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 49,1 млрд теңге бөлінгенін, олардың 30 млрд теңгесі жалпы сипаттағы трансферттер арқылы бөлінгенін баяндады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Бірыңғай бағдарламаға қатысушылар 182,8 млрд теңге сомаға салық төледі, бірлескен өнім шығару 2,6 трлн теңгені құрады, 47,5 мың жұмыс орны сақталды және құрылды.

Ол 1 шілдедегі жағдай бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау есебінен 1 024 кәсіпкер өз жобаларын қаржыландыру жағдайын жақсарта алды. Арзандатылған несиелер сомасы 90,1 млрд теңгені құрады. Берілген субсидиялардың жалпы көлемі 17,5 млрд теңгені құрады.

505 кәсіпкер 17,1 млрд теңге сомаға несиелер бойынша кепілдік ала алды. Кепілдіктердің жалпы мөлшері 6,8 млрд теңгені құрады.

15 млрд теңге сомаға шағын және орта бизнес субъектілерінің 25 жобасына жетіспейтін инфрақұрылым жүргізілді.

Жаңа бизнес бастамаларды іске асыру үшін 221,4 млн теңге сомаға 114 мемлекеттік грант берілді.

Моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді-мекендерде мемлекеттік қолдауға ие болған күннен бастап 2 жыл өткеннен кейін салықтарды, өнім шығаруды және жұмыс орындарының санын 10%-ға арттыруды қамтамасыз етуге қабілетті кәсіпкерлердің жобалары қаржылай қолдауға ие бола алады.

45370 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper