Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Беларусь Республикасына барды

Бейсенбі, 30 Қараша 2017 11:09
Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Беларусь Республикасына барды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласына барды.

 

Президенттің екі күнге жоспарланған сапары аясында Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына, Қазақстан-Беларусь бизнес форумына және басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланған.

 

Бір айта кетерлігі, Қазақстан мен Беларусь арасында әртүрлі салалар бойынша 70-ден астам келісімшарттар жасалған. Ал екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына биыл 25 жыл болды.

 

Қазақстан ТМД елдері ішінде Беларусь Республикасының негізгі сауда серіктестерінің бірі саналады.

 

Еліміздің Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы 364,5 млн долларды құраған. Ал 2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында бұл көрсеткіш 375,6 млн долларға жетті.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Беларусь еліне 2012 жылдың мамыр айында ресми сапармен барған еді.

 

Ал Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапармен 2013 жылы келді.

 

Естеріңізге сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен осы жылдың 8 маусымында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі аясында кездесіп, екіжақты серіктестіктің маңызды мәселелерін талқылаған болатын.

Дереккөзі: alashainasy.kz

324 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper