Сағынтаев Атырау облысында бизнесті дамыту үшін болашағы зор бағыттарды белгіледі

Жұма, 15 Қыркүйек 2017 19:36
Сағынтаев Атырау облысында бизнесті дамыту үшін болашағы зор бағыттарды белгіледі

Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» ҰКП Өңірлік кеңесінің мүшелерімен өңірде шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлерді еліміздің мұнай-газ саласын цифрландыруға тарту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

 
Іс-шара аясында өңірдің жастарымен және Қазақстанда жұмыс істейтін ірі шетел инвесторларымен кездесулер аясында қозғалған мұнай-газ саласын цифрландыру тақырыбы жалғасын тапты.

Кездесуге қатысушылар мұнай-газ саласын цифрландыруға қатысу бойынша бизнес қауымдастықтың перспективаларын, Атырау облысы аумағында дайын коммуникациялар мен ғимараттар бар шағын индустриялық аймақтар құру, ауыл шаруашылығы саласы бизнесін несиелендіру мәселелерін және нарықтың монополиялық және үстем субъектілеріне қатысты проблемаларды талқылады.

Аталған тақырыптар бойынша «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, «Эмбаведьойл» ЖШС бас директоры Марат Чердабаев, «Изекен» ЖШС директоры Раиса Кушекова, «Береке» компаниялар тобы» ЖШС директоры Әсет Тұяқбаев, «БатысАльянсСтрой» ЖШС директоры Әділ Жұбанов, Атырау облысының Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Нұрлы Айтиева, «БатысСерт» Сертификаттау орталығы» ЖШС директоры Жәнібек Әубекеров баяндама жасады.

Бақытжан Сағынтаев бүгінгі таңда Үкіметтің Мемлекет басшысы жариялаған Экономиканы үшінші жаңғыртуды іске асыруға бизнесті тарту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатқандығын атап өтті. Бұл жұмыс бірінші кезекте цифрлық технологияларды экономиканың барлық басымдықты салаларына кеңінен енгізуді және бизнестің пайдалануын көздейді.

Атап айтқанда, бұл бағытта кәсіпкерлерге сәйкес ынталандырулар жүйесін құру, олардың ішінде нормативтік базаны жетілдіру, кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау үшін шығындарды азайту, цифрлық жобаларға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мұнай өндіретін Атырау облысының кәсіпкерлері бұл бағытта айтарлықтай мүмкіндіктер мен перспективаларға ие екендігі атап өтілді, себебі мұнайгаз саласы Индустрия 4.0 элементтерін енгізу үшін әлдеқайда қолайлы салалардың бірі.

Сонымен бірге, Үкіметтің жаңа Мемлекеттік бағдарламалар: бизнесті қолдау, оның ішінде жеңілдікті несиелеу түріндегі құралдар бар АӨК дамыту мен өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында бизнесті қолдау бойынша жұмысты жалғастырып жатқандығы атап өтілді.

Сонымен бірге, Үкіметтің жаңа Мемлекеттік бағдарламалар аясында бизнесті қолдау бойынша жұмыстарды: бизнесті қолдау, оның ішінде жеңілдікпен несиелендіру түріндегі құралдары бар АӨК дамыту мен өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жалғастырып жатқандығы атап өтілді.

 

 

284 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper