Мемлекет басшысы ақпараттық қауіпсіздікті күшейту керектігін айтты

Дүйсенбі, 04 Қыркүйек 2017 15:48
Мемлекет басшысы ақпараттық қауіпсіздікті күшейту керектігін айтты

Бүгiн Парламент палаталарының бiрлескен отырысында Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сенімді кибер қалқаны болу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 
«Соңғы кезде цифрландыру, елдің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері өзекті болып отыр. Сондықтан да Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Үкіметке бұл бағыттағы шаралармен айналысу керек. Бұл мәселе мемлекет қауіпсіздігі үшін қауіпті іске айналуда, жалпы мұндай жағдай өзге елдерде де байқалуда. Алпауыт мелекеттер оның зардабын көріп те отыр. Ұлт жоспарында ақпараттық қоғамды дамыту бойынша нақты мақсаттар қойылған, заң жобасы қаралып жатыр. Алайда бұл мәселенің басқа да тұстары бар. Тек соңғы үш жылда интернетте құқыққа қайшы контент көлемі 40 есеге өсті. Ендеше, бізге Қазақстанның сенімді кибер қалқаны қажет. Біз оны құру қадамдарын кейінге қалдыра алмаймыз. Осы орайда еліміздің мүддесін, мәдениетін, құндылықтарын қорғауымыз керек», - деді Президент алтыншы сайланған ҚР Парламентінің үшінші сессиясын ашу кезінде.

Мемлекет басшысы қазіргі заманғы әлемдік соғыстар әскери техникамен немесе сарбаздармен емес, соңғы буынды технологияға сүйенген ғаламтор желісімен жүргізілетінін атап өтті. Елбасының пайымынша, қорғаныстық аэроғарыштық өнеркәсібіне ерекше назар аудару керек.

«Саланы дамыту үшін тиісті министрлік құрылды. Қажетті келіссөздер жүргізілуде. Бұл министрліктің жұмысын толыққанды жүргізуге мүмкіндік беретін заң жобасы биыл Парламентке енгізіледі», - деді Н.Назарбаев.

 

 

 

328 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper