Астана төңірегінде қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу қажет - Сағынтаев

Сейсенбі, 29 Тамыз 2017 17:38
Астана төңірегінде қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу қажет - Сағынтаев

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Ауыл шаруашылығы министрлігіне ет, сүт саласына қосымша инвесторлар тарту мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыру керек.  Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдермен бірлесіп, іріктеп алынған инвестициялық жобаларды іске қосу кестесін әзірлеп, Үкіметке енгізуі тиіс. Мұнан бөлек, ет, сүт саласына қосымша инвесторлар тарту мәселесін қарастыру қажет. Асқар Исабекұлы (Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі - авт.) Астана мен Алматы төңірегінде супер қайта өңдеу кәсіпорынын құруды тапсырамын. Ұсыныс енгізу қажет», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Премьер-Министр Алматы түбінен жаңа авиахаб құрылысына қатысты нақты ұсыныстарды 1 желтоқсанға дейін енгізуді тапсырып, Инвестициялар және даму мен Ұлттық экономика министрліктеріне 10 қыркүйекке дейін Жер қойнауы туралы кодекстің жобасын Президент Әкімшілігімен келісіп, сол айдың соңына дейін Парламентке енгізуді жүктеді.

340 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper