Бауыржан Байбек жаңа орынбасарын таныстырды

Сейсенбі, 29 Тамыз 2017 17:26
Бауыржан Байбек жаңа орынбасарын таныстырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтың орнына Алмас Мәдиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.  Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Ерлан Әукеновтің қызметінен уақытша кетуі оның шетелдегі оқуына байланысты болып отыр.

«Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен, Алмас Мәдиев Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебіне оқуға түскен Ерлан Әукеновтың бір жарым жылдық оқу демалысы мерзімінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарады», - делінген хабарламада. Айта кетейік, Ерлан Әукеновтің қалада энергетикалық кешен мен коммуналды шаруашылық салаларына, кәсіпкерлік пен инвестиция тарту мәселелері бойынша жауапты болды. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, соңғы 2 жыл ішінде Алматының индустрия картасына 190 млрд. теңгенің 100 жобасы енгізілді, оның құны 35,6 млрд. теңге болатын 33 жобасы іске асты, соның арқасында қалада 2,7 мың жаңа жұмыс орны пайда болды. «Бизнестің жол картасы» және қалалық «Жібек жолы» бағдарламалары аясында 2015 жылдан бастап 755 бизнес-жоба мемлекеттен қолдау тапты, нәтижесінде 3,4 жаңа жұмыс орны ашылып, бұрыннан бар 10 мыңнан астамы сақталып қалды. «Жібек жолының» игі істерін саралай келіп, биылғы жылы үш жаңа өңірлік бағдарламалар: «Алматы өнім», «Алматы инновация» және «Алматы туризм» жұмыс істей бастады. Бұлардың жалпы құны 1,3 миллиард теңге. 2016 жылы құны 156,6 млрд. теңге болатын 131 объект ашылды және 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. 2017 Картаға 155 млрд. теңгенің 93 жобасы енді. Атап өтерлік жайт, Алматы бойынша бағаланатын Қазақстан «Doing Business» халыаралық рейтингінде 2015 жылдан 77-ден 35 орынға көтерілді. Бүкіләлемдік банктің бағасы бойынша субұлттық рейтингте Алматы 8 қаланың ішінен 1-ші орынды иеленді. Жылуэнергетика кешені мен ТҮКШ-та соңғы 3 жыл ішінде жүргізілген қайта жасау барысында апатты жағдайлар 10%-ға төмендеді. Жылу маусымы басталар алдында бірнеше инженерлік желілер іске қосылатын болады, бұл өткен 2 жылмен салыстырғанда едәуір көп. Айта кетейік, 8 тамыз күні қала әкімі Бауыжран Байбек қаланың жол және инфрақұрылымдарын қайта жасау барысында Ерлан Әукеновке сөгіс жариялаған болатын. Ерлан Әукеновтың оқу демалысы кезінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы болып Алмас Мәдиев тағайындалды, ол бұған дейін Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық басқарманың басшысы қызметін атқарған еді. Алмас Мәдиев мамандығы бойынша инженер-экономист, заңгер, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын, К. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік Университетін бітірген. Түрлі жылдары Жамбыл технологиялық институтында оқытушы, Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші маман, Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің басшысы, Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармаларының басшысы, «ҰК «ӘКК «Оңтүстік» АҚ-ның қаржы директоры, басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ-ның қаржы департаментінің директоры, «ҰК «ӘКК» Павлодар» АҚ-ның басқарма төрағасы, Жамбыл облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

 

228 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper