Елімізде Астана процесінің сегізінші раунды өтеді

Сәрсенбі, 13 Желтоқсан 2017 11:50
Елімізде Астана процесінің сегізінші раунды өтеді

Астана процесінің кезекті сегізінші раунды 2017 жылдың 21-22-ші желтоқсан күндері өткізіледі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Естеріңізде болса, соңғы рет Сирия тағдыры елімізде қазан айында талқыланған болатын. Жиын барысында сарапшылар ұсталған тұтқындарды босату және елдегі атысты тоқтату мақсатында дер кезінде тиісті шаралар қабылдау керектігін айтқан болатын. Бұдан бөлек, келіссөзге қатысушылар Женева процесіне сәйкес, БҰҰ-ның қолдауымен Ұлттық диалог конгресін шақыру туралы ұсынысты талқылауға келіскен еді.

Ал ендігі өтетін кездесуде тараптар қақтығыстар кезінде қаза болғандардың мәйіттерін беру және ұшты-күйлі жоғалғандарды іздеу бойынша жұмыс топтарының ережесін қабылдамақ. Сонымен қатар, мамандар Сириядағы гуманитарлық минасыздандыру туралы бірлескен мәлімдемені бекітуді жоспарлап отыр.

2728 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
JoomShaper