Астаналық көрермен «Карменге» неге асықты?

Сәрсенбі, 08 Қараша 2017 18:28
Астаналық көрермен «Карменге» неге асықты?

Таяуда елордамызда француз композиторы Жорж Бизенің әйгілі «Кармен» операсы сахналанбақ. «Астана опера» театрында өтетін премьера бұған дейін қараша айының 17-18 күндеріне жоспарланған болатын. Алайда астаналықтардың толассыз сұранысы бойынша қойылым осы айдың 19 күні де қайта қойылмақ.

 

Жорж Бизенің бұл операсына 140 жылдан астам уақыт болды. Ол ең алғаш рет Парижде сонау 1875 жылы сахналанған болатын. Бірақ француз көрермендері ол кезде аталмыш операда өрбитін оқиға желісін көруге моральдық тұрғыда дайын болмаған еді. Себебі ол қоғамда ашық айтыла бермейтін дүниелерді астарлы жеткізуімен ерекшеленді. Сол уақытта қойылым халық арасында қызу талқыланды, француздық газеттер де сын жазуларын тоқтатпаған еді. Десе де, адамның шығармашылық санасын түбегейлі өзгерткен бұл туынды, бүгінгі таңда әлемдегі ең танымал опера саналады. Атақты орыс композиторы Петр Чайковский де сонау 1880 жылы бұл жөнінде: «Бизенің операсы – тұтас дәуірдің музыкалық ұмтылысының қуатты деңгейін көрсете алатын дүние. «Кармен» он жылдан кейін ең танымал опера болады», - деген болатын.

Орыс композиторының осы сөзі расталып, қазіргі таңда «Кармен» операсы өнерде бұрын соңды болмаған элементтерге толы әрі мазмұны бойынша өте тартымды туындыға айналып шыға келді. Қашан да қалың көрермен жинайтын бұл қойылымдағы іс-әрекет ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Испанияда өрбиді. Бұл опера - болмысы еркіндік пен махаббатты ерекше сүйген Кармен атты сыған әйелінің ерекше өмірі жайлы.

Елордадағы премьераға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының бас дирижері Алан Бөрібаев дирижерлік етпек. Ал қоюшы режиссер – италиялық Лоренцо Амато. Әртістердің сахнаға киетін киімдерімен «Оскар» сыйлығын иеленген атақты суретші Франка Скуарчапино айналысқан.

Қойылым 4 бөлімнен тұрады. Үш күн бойы 3 сағат 30 минуттан қойылатын бұл спектакль, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына француз тілінде сахналатын болады.

634 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper