Егістіктегі ескірген техниканың пайдасынан гөрі шығыны неге көп?

Бейсенбі, 26 Қазан 2017 19:17
Егістіктегі ескірген техниканың пайдасынан  гөрі шығыны неге көп?

Еліміздің аграрлық саласы жыл сайын нәтижелер көрсеткенімен, өкінішке орай үздік техникалық өнімділігімен мақтана алмайды. Егістегі ауыл шаруашылығы машиналарының көбісінің тозығы жеткен. Бүгінде Қазақстанда 45 000 трактор және 9 000 комбайн жұмысқа жарамсыз деуге болады. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында депутат Альберт Рау мәлімдеді.

 

Әлемде мемлекеттің даму деңгейін оның техникамен өзін-өзі қаншалықты қамтамасыз етуге қауқарлы екендігіне қарап бағалайды. Егер еліміздің әлеуетін осы критерий бойынша шамалайтын болсақ, жағдайымыз мәз емес. Бізде озық отандық техниканың жетіспеушілігінен, импортқа әлі де тәуелділік жоғары. Елдегі ауыл шаруашылығы техникаларын жасайтын 20 зауыттың жұмыс жүктелімі 30%-дық деңгейде. Ал импорт көлемі өндірістен екі есе басым.

Мысалы, көршілес Ресей қолданыстағы ауыл шаруашылығы машиналарының жартысын, Беларусь елі – 90%-ын, Өзбекстан – 80%-ын өздері жасап шығарады. Яғни, олар импортқа тәуелді болмау үшін отандық өндірушілерді барынша қолдауға тырысады.

Қазақстанда тракторлардың 65%-ның және комбайндардың 46%-ның пайдалану мерзімі 17 жылдан асады. Сонымен бірге, тракторлардың 20% жұмыс істемейді, ал 26% - есептен шығарылғандарға жатады. Комбайндардың жағдайы да осыған ұқсас. Ал осы тозған техниканы қолдану жөндеу жұмыстарына және жанар-жағармай материалдарына кететін шығынды орта есеппен 20%-ға ұлғайтады. Нәтижесінде жалпы өнімнің 14% немесе шамамен 200 млрд. теңге алынбай қалады. Демек, бұл сома Қазақстанның жыл сайын егін жинау науқанында жоғалтатын ақшасы.

Сол себепті, депутат Альберт Рау мырза шығынды азайту үшін жеңіл автокөліктер сияқты ауыл шаруашылығы техникаларын да утилизациялауды ұсынды.

«Соңғы жылы біз 65 000 жеңіл автокөлік утилизацияладық. Өткен жылы 55 000 жаңа автокөлік алдық. Ал ескілерін утилизациялап, металл сынығына, пластмассаға қайта өңдедік. Қазір бізде аккумуляторлардың 100%-ын Талдықорған зауыты өңдейді. 22 зауыт шиналарды қайта өңдеумен айналысады. Ескі техниканы айырбастау үрдісін жылдамдату үшін ҚР-ның инвестиция және даму, ауыл шаруашылығы, энергетика министрліктерімен біріге отырып, ауыл шаруашылығы машиналарына утилизация жасауды енгізуді ұсынамын», - деді А. Рау мырза.

Бұл тек тиімді ұсыныс. Билік басындағылар технологиялық жаңартудың көкейтесті мәселеге айналып кеткенін түсініп отыр. Өйткені, техника өнімділік деңгейіне тікелей әсер етіп, тиісті пайдасын бермей отыр. Ұсынылған жолдың жүзеге асу жағдайын уақыт көрсетеді. Ал әзірге үкімет тығырықтан шығар жол ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 13 картасынан үміт күтеді. Аталмыш стратегия техникалық қайта жабдықтау мәселесін де қарастырады. Егер ойдағыдай іске асып жатса, ол көп түйткілді тарқатар еді.

1760 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper