Астана әуежайы бөлінген 3,5 млрд.қаржыны игеріп тастады

Бейсенбі, 26 Қазан 2017 19:12
Астана әуежайы бөлінген 3,5 млрд.қаржыны игеріп тастады

Биыл Астана халықаралық әуежайының жолаушылар терминалының қосымша инфрақұрылымының құрылысына Ұлттық қордан 5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысында мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежай биыл біраз тың жаңалықтарымен қуантты. ЭКСПО-2017 көрмесіне әлем елдерінен қонақтар келетін болған соң, оларға жайлы жағдай жасау мақсатында ол айтарлықтай жаңарып қалды. Әуежай жалпы аумағы 47 мың шаршы метр болатын жаңа терминалмен толықты. Сондықтан көрме кезінде ішкі бағыттар бойынша жолаушылар ағынының өсімі 88%-ды, ал әлемдік бағыттар бойынша 30%-ды құраған еді. Сол уақытта Астана әуежайында қызмет көрсетілген жолаушылардың жалпы саны 1,5 миллионға жетті. Бүгінде терминал 19 әуе компаниясымен халықаралық ұшу сапаларын жүзеге асырып, жылына 8 миллионнан астам жолаушыны қабылдай алады.

Оның халыққа барынша қолайлы болуы үшін елімізде алда бірталай ауқымды жұмыстар жүргізілмек. Министр Тимур Мұратұлы биыл әуежайдың жолаушылар терминалының қосымша инфрақұрылымының құрылысына 5 млрд. теңге бөлінгендігін атап өтті. 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша әуежайдың есебіне 3,5 млрд. қаржы аударылған. Бүгінде ол ақша толықтай игеріліп отыр. Ал қалған 1,5 миллиард ақша қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ұйғарымымен басқа да бюджеттік бағдарламаларға жұмсалады.

476 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper