Көрме қалашығындағы үйлер қашан беріледі?

Жұма, 20 Қазан 2017 18:39
Көрме қалашығындағы үйлер қашан беріледі?

ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтарына арнап салынған EXPO қалашығындағы тұрғын үйлер кімді де болсын көркімен қызықтырады. Қалашықтың құрылысы халықаралық стандарттарға сай жасалған болатын.

Сәулет жұмыстары да заманауи еуропалық үлгіде жүзеге асырылды. Сондықтан көрме аяқталған соң, пәтерлердің алдағы тағдыры көбісін алаңдатып жүр. Себебі, билік айтулы іс-шара біткеннен кейін, үйлер ел игілігіне беріледі деп айтқан болатын. Оның үстіне қолжетімді бағаға сатылады деген жаңалық қазақстандықтарды тіпті қуантты.

ЭКСПО-қалашық Үкіметіміздің қаулысына сәйкес, 2014 жылы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясына уақытша пайдалануға берілген еді. Көрме аяқталған соң, ол құрылыс жұмыстарын қаржыландырған «Байтерек Development» АҚ-на қайтарылуға тиіс-тін. Бірақ, аталмыш ұйымның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалашықты ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін ұлттық компания әзірге жалға ала тұрады. Сондықтан қалашықтағы 1300-ден астам пәтерлердің сатылымы 2018 жылдың басында бір-ақ басталуы мүмкін.

280 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper