Астанада Азиядағы Ядролық кооперация форумының 18-ші Кеңесі өтті

Сәрсенбі, 11 Қазан 2017 16:14
Астанада Азиядағы Ядролық кооперация форумының 18-ші Кеңесі өтті

11 қазанда Астанада 12 елдің ірі лауазымды тұлғаларының қатысуымен Азиядағы Ядролық кооперация форумының (FNCA) министрлер деңгейіндегі 18-ші кеңесі өтті. Екі жылда бір рет өтетін шарада «Қоршаған ортаны қорғау үшін ядролық ғылым мен технологияларды қолдану» тақырыбы қарастырылды.

Қазақстан Республикасының энергетика Министрі Қанат Бозымбаев Кеңесті алғы сөзбен ашты. Кеңестің жоғары деңгейн атап өткен Қ.Бозымбаев Азия аймағының дамуы үшін оның маңыздылығына тоқталды.

«Қазақстан Азиялық ядролық кооперация форумының құрамына 2010 жылдан бері мүше. Содан бері еліміз ұйым жұмысына белсене қатысып келеді. Біз атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану бойынша әлемдегі қоғамдастықтармен әріптестік орнатуға мүдделіміз», деп атап көрсетті Қ.Бозымбаев.

«Форумның қызметіне қатысу Қазақстанда ядролық медицина саласындағы жаңа әдістерді және ауыл шаруашылығына арналған жаңа материалдар өндірісін ілгерілетуге септігін тигізеді, радиациялық қауіпсіздік және РАҚ-пен жұмыс істеу саласындағы біздің тәсілдерді жаңаша бағалауға мүмкіндік береді, зерттеу реакторларын және электрондық үдеткіштерді пайдалану саласындағы білімімізді кеңейтеді және ядролық физикалық қауіпсіздік пен таратпау саласындағы дұрыс жолды таңдаудағы сенімділігімізді нығайтады», деп қорытты өз сөзін Министр.

Атап өту керек, 2000 жылы Жапонияның Атом энергиясы жөніндегі комиссиясының бастамасымен Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі мемлекеттер арасындағы ядролық және радиациялық технологиялар саласындағы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында Азиядағы Ядролық кооперация форумы (Forum for Nuclear Cooperation in Asia, FNCA) құрылды.

Форум Азия елдерінің жетекші мамандарының жыл сайынғы конференциясының шешімімен құрылды, оның негізгі міндеті – ядролық технологияларды және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану.

Қазіргі уақытта Форумға 12 ел қатысады: Австралия, Бангладеш, Вьетнам, Индонезия, Қазақстан, Қытай, Корея, Малайзия, Монғолия, Таиланд, Филиппин және Жапония.

Бүгінде FNCA-ге қатысушы елдердің ынтымақтастығы 8 бағыт бойынша жүргізіледі. Олар: радиациялық онкология, мутациялық селекция, радиациялық қауіпсіздік және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, физикалық ядролық қауіпсіздік және кепілдемелер, зерттеу реакторларын қолдану, биотыңайтқыштар, электрондар үдеткіштерін қолдану, климаттың жаһандық өзгеруін зерттеу.

Форум жұмысы қатысушы елдердің өзара іс-қимылының 3 деңгейлі жүйесін қамтиды:

· министрлердің қатысуымен өтетін үкіметтік деңгейдегі жыл сайынғы кеңес;

· үйлестірушілер мен ірі лауазымды тұлғалардың жыл сайынғы кеңесі;

· бірлескен жобалар көшбасшыларының семинарлары, онда бұл жобаларды іске асыру мәселелері талқыланады.

3250 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper