Салық түсіруде сауда саласы көш бастап тұр

Жұма, 06 Қазан 2017 10:38
Салық түсіруде сауда саласы көш бастап тұр

Таяуда салықтық қызмет органдары мониторинг нәтижесінде елордамыздағы бизнестің қай саласы ел бюджетіне мол табыс әкеліп отырғандығын анықтады.

 

Астана әкімдігінің медиа орталығының мәліметінше, тұрғындарға түрлі салада қызмет көрсету қазынаға мол салықтық түсімдер әкеледі. Мемлекет қазынасына кіріс кіргізуде сауда саласы көш бастап тұр. Биыл елордамыздың сауда-ойын-сауық орталықтары мен базарларына келу жиілігі екі есе артқан. Мәселен, ағымдағы көрсеткіш 5,4 млрд. теңгені құрады.

Жыл ортасында қаланың мейрамханаларынан, қонақ үйлерінен және қоғамдық тамақтану пункттерінен түскен салық көлемі 142,4 миллион теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есе немесе 89 миллион теңгеге көп көрсеткіш. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, былтырғы жылдың маусым айында бюджетке түскен қаражат сомасы 53,3 млн. теңге болатын. Салықтық түсім мөлшерінің көптігі жөнінен екінші орынға тамақтану (1,7 млрд. теңге), үшінші орынға – пәтерлерді жалға алу (0,8 млрд. теңге), төртінші орынға көңіл-көтеру және мекендеу салалары (0,3 млрд. теңге) жайғасқан.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2016 жылы салық жинау бойынша елордамыз оңтүстік астанадан екі есе артта қалып қойған еді. Алматы қаласының салықтық түсімдері былтыр 1,6 трлн. теңге болса, Астанада 847 млрд. теңге жиналған болатын.

552 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper