ЭКСПО-2017 жобаларын қазақстандық экологтар сынауда 2017 жылғы 05 қазан Астана қ.

Жұма, 06 Қазан 2017 10:26
ЭКСПО-2017 жобаларын қазақстандық экологтар сынауда  2017 жылғы 05 қазан Астана қ.

ҚР Энергетика министрлігі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны атмосфералық ауа жай-күйіне бақылауды республиканың ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарында жүргізеді. Қазіргі уақытта атмосфералық ауа жай-күйіне бақылау 49 елді-мекендегі 146 бақылау бекетінде, соның ішінде 56 сынамаларды қолмен іріктеу бекетінде және 90 автоматты бекетте жүргізіледі. Сондай-ақ, бақылау 14 жылжымалы зертхананың көмегімен жүзеге асырылады.

2017 жылғы 11 шілдеден бастап Астана қаласында ауа сапасын бақылау автоматты постында (№ 5 пост, құтқару станциясының ауданында орналасқан), ҚР жағдайына бейімделуін тексеру және қазіргі уақытта ауа сапасының мониторингі үшін пайдаланылатын ресейлік өндіріс құралдарымен мәліметтерді салыстыруды жүргізу үшін финдермен өндірілген бір Vaisala датчигі орнатылған.

«Қазгидромет» РМК Vaisala Group-пен 2005 жылдан бастап бірге қызмет жасайды. ЭКСПО-2017 шеңберінде финдік әріптес AQT-420 атмосфералық ауа сапасының автоматты датчигін таныстырды. Ол автоматтық режимде концентрацияны өлшеуді алты ластауыш заттар: азот диоксиді, көміртек оксиді, күкірт диоксиді, озон, өлшенген бөлшектер РМ 2,5 және РМ-10 арқылы іске асырады.

Бүгін «Қазгидромет» РМК лабораториясының бастығы Аманбаева Дана финдік ноухаудың артықшылықтарын атап өтті: «Датчиктер шағын көлемде, мобильді, қаланың кез келген нүктесінде оңай орналасады, мысалы, бағанада, дуал немесе ғимараттың шатырында, сондықтан жеке жер телімін бөлудің қажеті жоқ. Бұдан басқа, датчик жоғарғы дәлдікке ие, ауытқуы 1-3% құрайды, бұл мұндай құралдардағы ең жақсы көрсеткіш. Күн панелінің арқасында, датчик төменгі энергия пайдалануға ие. Сондай-ақ біз үшін ауа сапасының датчиктеріне қосымша метеорологиялық параметрлердің қосымша жиынтығын алу маңызды, өйткені ластануды анықтауда бағытты, желдің жылдамдығын, және басқа да қоршаған орта параметрлерін білу қажет».

Артықшылықтардан басқа, спикер датчикті пайдалану процесі барысында анықталған кемшіліктерді де атап өтті. Датчиктің қазіргі жиынтығына үлкен қалалардың атмосфералық ауасын бақылау үшін

маңызды компоненттер – азот оксиді және күкіртті сутекті анықтауға арналған сенсорлар кірмейді. Алайда Vaisala компаниясы 2017 жылдың соңына дейін аталған сенсорларды әзірленуін аяқтауды жоспарлауда.

Жүргізілген талдаулардың қорытындылары бойынша «Қазгидромет» РМК экологиялық мониторингі жүйесінде орнатылған газ анализаторлары мен Vaisala датчиктерінің көрсеткіштерін салыстыру нәтижелері жарияланатын болады.

468 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper